Экономика

Биыл Қазақстан төрағалық етті – Мамин ЕАЭО жұмысының қорытындысы туралы айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинФлаги стран ЕАЭС
Флаги стран ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2021
Жазылу
Премьер-министр ЕАЭО-ға қатысушы елдердің экономикалары жаһандық сын-қатерлерге бейімделіп жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша — Sputnik. Жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен ЕАЭО-дағы Қазақстан төрағалығының басым бағыттары табысты іске асырылып жатыр. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеді.

Ереванда өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында сөз сөйлеген Мамин жыл басында Тоқаев Қазақстанның ұйымға төрағалық етуінің басым бағыттарын белгілегенін еске салды.

Оның айтуынша, бұл ең алдымен өзара тиімді кооперациялық жобаларды дамыту, саудадағы кедергілерді жою, көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту, экономиканың басым салаларында цифрлық технологияларды енгізу, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жандандыру.

Біздің елдеріміздің бірлескен күш-жігерінің арқасында бастамалар табысты іске асырылып жатыр деп нық сеніммен айтуға болады. Бұл бағыттардағы проресс Одақ экономикаларын жаһандық аренада қалыптасқан сын-қатерге бейімдеуге жол ашты", - деді Мамин.

Асқар Мамин 2016 жылдан бастап ЕАЭО аясында ішкі нарықтағы кедергілердің 80%-і жойылғанын атап өтті.

"Бірқатар маңызды салалар бойынша сауда шарттарын сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді", - деді ол.

Өз кезегінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян былтырғы экономикалық шектеулерден кейін Еуразиялық одақтағы сауда қалпына келіп жатыр деп мәлімдеді.

Жаңалықтар
0