Экономика

"ҚазТрансГазға" ұлттық компания мәртебесі берілді

© Photo : пресс-служба АО "КазТрансГаз" АО "КазТрансГаз" возобновил транзит туркменского газа в Россию
АО КазТрансГаз возобновил транзит туркменского газа в Россию - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2021
Жазылу
"ҚазТрансГаз" тәуелсіздік жылдары Орталық Азиядағы газ ағындарының маңызды әрі технологиялық ең қуатты операторына айналды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Үкіметтің 30 қарашадағы қаулысымен "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамына ұлттық компания мәртебесі берілді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Тиісті толықтыру «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына енгізілді. Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің № 853 Қаулысымен «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталды.

Бұған қоса, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Кодексінің 278-бабының 8-тармағына сәйкес үкімет жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекітті. Осы құжатқа сәйкес, "ҚазТрансГазға" газ және газ конденсатты кен орындарында барлау және өндіру бойынша басымды құқық берілді.

Осылайша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың" ҚазТрансГазды" толыққанды тігінен интеграцияланған компанияға айналдыру туралы тапсырмасы орындалды. Дербес ұлттық газ компаниясына берілген мәртебе "ҚазТрансГаз" АҚ үлкен перспективалар ашады.

Бұл Қазақстанның газ саласы үшін маңызды тарихи сәттердің бірі. "ҚазТрансГаз" тәуелсіздік жылдары Орталық Азиядағы газ ағындарының маңызды әрі технологиялық ең қуатты операторына айналды.

Көгілдір отын, жылу мен жайлылық 9 миллионнан астам қазақстандықтың үйлеріне жетті, шамамен 50 мыңға жуық кәсіпорын табиғи газды пайдаланады. Бұл газ мамандарының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі.

Оқи отырыңыз:

"Самұрық-Қазына" қоры "ҚазТрансГаздың" акциясын 1 теңгеге алды

Елордада үйге газ кіргізу бағасы 37,5 процентке дейін арзандады

Жаңалықтар
0