Экономика

Зейнетақы жинағының "жеткілікті шегі" неліктен күрт өсті – БЖЗҚ жауабы  

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуАқша, монета
Ақша, монета - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2021
Жазылу
БЖЗҚ ең төменгі жеткілікті шек қалай есептелетінін және ол неліктен 2022 жылы айтарлықтай өсетінін түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Ең төменгі жеткілікті шек 2022 жылдан бастап өзгереді. Егер 2021 жылы 20 жастағы салымшы үшін жеткілікті шек мөлшері 1 710 000 теңге болса, 2022 жылдан бастап ол 3 140 000 теңге болады.
Әдістемеге сәйкес ең төменгі жеткілікті шек мөлшері әрбір жасқа жеке есептеледі және болашақта зейнетақы төлемі мен зейнетақы жарнасының өсетіні (индекстелуі) ескеріледі. Бұл ретте "Республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану: "жеткілікті шек" 2022 жылы өседі 
"Осыған байланысты ең төменгі жеткілікті шек мөлшері аталған көрсеткіштердің жыл сайын өсуін ескере отырып есептеледі", - деп түсіндірді БЖЗҚ.  
Сондай-ақ әдістемеге сәйкес ең төменгі жеткілікті шек мөлшерін анықтау кезінде Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы және Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің келісімі бойынша жыл сайынғы негізде қабылданатын көрсеткіштер пайдаланылады.
"2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылғандықтан (атап айтқанда, ең төменгі жалақы мөлшері 2022 жылы қазіргі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін (немесе 41%) өседі) 2022 жылға ең төменгі жеткілікті шек мөлшері де көбейтілді", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қаңтарында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді. Ол азаматтарға  зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға, сондай-ақ жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мақсатында пайдалануға құқық берді.
Бұл құқықты зейнетақы жинағының сомасы ең төменгі жеткілікті шектен асатын салымшылар пайдалана алады.
2021 және 2022 жылдардағы шекті мөлшерлерді БЖЗҚ сайтынан көре аласыз.
2022 жылға есептелген жеткілікті шек:
  • 20 жас – 3 140 000 теңге,
  • 21 жас – 3 250 000 теңге,
  • 22 жас – 3 370 000 теңге,
  • 23 жас – 3 490 000 теңге,
  • 24 жас – 3 610 000 теңге,
  • 25 жас – 3 730 000 теңге,
  • 26 жас – 3 860 000 теңге,
  • 27 жас – 3 980 000 теңге,
  • 28 жас – 4 110 000 теңге,
  • 29 жас – 4 240 000 теңге,
  • 30 жас – 4 370 000 теңге,
  • 31 жас – 4 510 000 теңге,
  • 32 жас – 4 640 000 теңге,
  • 33 жас – 4 780 000 теңге,
  • 34 жас – 4 920 000 теңге,
  • 35 жас – 5 060 000 теңге,
  • 36 жас – 5 200 000 теңге,
  • 37 жас – 5 350 000 теңге,
  • 38 жас – 5 490 000 теңге,
  • 39 жас – 5 640 000 теңге,
  • 40 жас – 5 790 000 теңге,
  • 41 жас – 5 950 000 теңге,
  • 42 жас – 6 100 000 теңге,
  • 43 жас – 6 260 000 теңге,
  • 44 жас – 6 420 000 теңге,
  • 45 жас – 6 580 000 теңге,
  • 46 жас – 6 750 000 теңге,
  • 47 жас – 6 920 000 теңге,
  • 48 жас – 7 090 000 теңге,
  • 49 жас – 7 260 000 теңге,
  • 50 жас – 7 430 000 теңге,
  • 51 жас – 7 610 000 теңге,
  • 52 жас – 7 790 000 теңге,
  • 53 жас – 7 970 000 теңге,
  • 54 жас – 8 150 000 теңге,
  • 55 жас – 8 340 000 теңге,
  • 56 жас – 8 530 000 теңге,
  • 57 жас – 8 720 000 теңге,
  • 58 жас – 8 920 000 теңге,
  • 59–62 жас – 9 120 000 теңге.
Жаңалықтар
0