БЖЗҚ сайты

Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі артады: қазақстандықтар қарсы петиция әзірледі

835
(Жаңартылды 15:54 04.12.2021)
Кеше 2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегі күрт өсетіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда БЖЗҚ-ның зейнетақы жинағын алу үшін жеткілікті шекті арттыру туралы шешіміне наразылық ретінде онлайн-петиция іске қосылды.

Құжат авторлары 3 желтоқсанда жариялаған жеткіліктіліктің жаңа шегі көптеген қазақстандықтар үшін қолжетімді емес деп отыр.

"Егер қазір 20 жастағы салымшы үшін жеткілікті шек 1,7 миллион теңге болса, келесі жылдан бастап 3,1 миллион теңгеге дейін өседі. Өсім 1,8 есе болды. Бұған дейін тұрғын үй сатып алу немесе емделу үшін жинақталған ақшаны алу мүмкіндігі болған. Біз, петицияға қол қойған Қазақстан азаматтары, БЖЗҚ-дан жеткіліктілік шегін ақылға қонымды сомаға дейін төмендетуді талап етеміз", - делінген құжатта.

Кеше, 3 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегі күрт өсетіні белгілі болды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Әдістемеге сәйкес ең төменгі жеткілікті шек мөлшері әрбір жасқа жеке есептеледі және болашақта зейнетақы төлемі мен зейнетақы жарнасының өсетіні (индекстелуі) ескеріледі. Бұл ретте "Республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ең төменгі жеткілікті шек мөлшері аталған көрсеткіштердің жыл сайын өсуін ескере отырып есептеледі, деп түсіндірді БЖЗҚ.

Алайда Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ-ның мұндай жауабына көптеген қазақстандықтың көңілі толмады.

835
Кілт сөздер:
зейнетақы, қазақстандықтар
Тақырып:
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу (101)
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағының "жеткілікті шегі" неліктен күрт өсті – БЖЗҚ жауабы  
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану: "жеткілікті шек" 2022 жылы өседі
Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі қалай өзгерді
Қазақстанда орташа зейнетақы қанша екені белгілі болды
Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі қалай есептеледі – видео
 Алматы

Үкімет бизнеске келтірілген залалды өтеу механизмін бекетті

19
Механизмге сәйкес кәсіпкерлер зардап шеккен аймақтарда өңірлік комиссиялар құрылады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Тәртіпсіздік салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу механизмі бекітілДІ, деп хабарлады "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасы.

Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан келтірілген залалды жою мәселелері жөніндегі комиссияға премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр төрағалық етеді.

Зардап шеккен кәсіпкерлер келтірілген залалды өтеуге өтінімді барлық қажетті құжатты қоса, ЭЦҚ арқылы InfoKazakhstan.kz платформасында береді. 

Механизмге сәйкес кәсіпкерлер зардап шеккен аймақтарда өңірлік комиссиялар құрылады. Олардың құрамына әкімдік, мәслихат, өңірлік кәсіпкерлер палаталары және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

Өңірлік комиссиялар залалды өтеу туралы өтініштерді күнтізбелік 5 күн ішінде қарайды және мақұлдаған жағдайда, ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде өңірлік комиссия айқындайтын мөлшерде қаражат бөлу туралы шешім шығарылады.

Қаржы Қазақстан Республикасының бюджеттік рәсімдеріне сәйкес мүлік иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына тиісті шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өтініш берушіге аударылады деп болжанады.

Өтеу сомасы мүліктік залалдың 3 түрі бойынша есептеледі:

  1. бүлінген жылжымайтын мүлік бойынша: Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленген, оны қалпына келтіруге арналған шығындардың сметасымен немесе калькуляциясымен расталатын, бүлінген жылжымайтын мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) арналған шығыстар есептеледі.
  2. бүлінген немесе жойылған жылжымалы мүлік және (немесе) тауар-материалдық құндылық бойынша: өтеуге берілетін сома әкімдік немесе қор айқындайтын бағалау және аудиторлық компаниялар дайындаған бағалау туралы есеп (акт) негізге алына отырып есептеледі.
  3. жоғалған (ұрланған) тауар-материалдық құндылық және жабдық бойынша:  жоғалған (ұрланған) тауар-материалдық құндылықтар мен жабдықтарды өтеу сомасын есептеу кәсіпкерлік субъектінің 2021 жылғы орташа айлық айналымы негізінде механизммен белгіленген коэффициентке көбейтіліп жүргізіледі.

Мүлікке бағалау немесе аудит жүргізуге, бүлінген мүлікті қалпына келтіруге сметалар жасауға және шығындарды калькуляциялауға байланысты қызметтерге ақы төлеу әкімдіктің немесе "Күшіміз бірлікте" қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Бұл ретте, егер кәсіпкер өңірлік комиссия айқындайтын өтеу сомасымен келіспесе, онда ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес сот-бухгалтерлік, сот-тауартану немесе сот-құрылыс сараптамасы белгілейтін нақты келтірілген залал бойынша залал сомасын өтеуді талап етуге құқылы.

Бұл механизм 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

2022 жылғы 4-20 қаңтар аралығында ҰКП 1432 call-орталығына 10437 қоңырау, оның ішінде тонау мәселелері бойынша – 2308, форс-мажор туралы куәлік бойынша – 536, блок бекеттерден өту бойынша – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры – 33, бизнесті қайта бастау және залалды бағалау бойынша – 1017, жеке тұлғалардың қоңырауы бойынша – 2411 қоңырау түсті. Өңірлік палаталар форс-мажор туралы куәліктер бойынша 1045 қоңырау және 350 өтініш қабылдады.

Еліміздің 9 өңірінде 2266 объектіде орналасқан зардап шеккен 1861 бизнес субъекті анықталды, олардың ішінде Алматыда 1969 объектіде орналасқан 1602 субъект бар. Зардап шеккен бизнес субъектілерінің салалары: сауда – 1663; қоғамдық тамақтану – 68; қаржы секторы – 88; логистика – 36; БАҚ – 6.

19
Кілт сөздер:
Үкімет, бизнес
Жол белгісі

Утилизациялық алымның мөлшерлемесі ақпан айының соңына дейін бекітіледі

51
(Жаңартылды 14:47 20.01.2022)
Әзірге қазақстандықтар алымды қолданыстағы мөлшерлемемен төлейді, утилизациялық алымды жинайтын оператордың функциясы "Жасыл Даму" АҚ-ға берілді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Осы жылдың ақпан айының соңына дейін утилизациялық алым бойынша жаңа мөлшерлеме қарастырылып, бекітіледі, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Утилизациялық алымның коэффициенттерін қайта қарау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

"Мөлшерлеме осы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітіледі. Жұмыс тобының шешімі туралы ақпарат министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады. Сол уақытқа дейін утилизациялық алым қолданыстағы мөлшерлемемен "Жасыл даму" АҚ операторына төленеді", - делінген министрліктің хабарламасында.

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  үкіметке утилизациялық алым ставкасын қайта қарауды және "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның (Оператор РОП) қызметін тоқтатуды тапсырды. Президенттің пікірінше, бұл жұмыспен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы қажет.

19 қаңтарда Қазақстан үкіметі "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдады.

Оқи отырыңыз:

51
АҚШ туы

АҚШ Ресеймен соғысуды қалай ма БАҚ

0
Пентагонға қызмет ететін Гудзон институтындағы аналитиктер тез арада америкалық орташа қашықтыққа ұшатын зымырандарды Ресей шекарасын бойлай орналастыруға және НАТО әскерін Сувалки дәлізіне жөнелтуге кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Батыстағы элита БАҚ-та ақпараттық шу шығарып, Украинаны Ресейден "құтқарып" жатқан шақта америкалық әскерилер өз шаруаларын тындырып жатыр, деп жазды РИА Новости.

НАТО Біріккен қарулы күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Филипп Бридлав Еуропада америкалық заманауи стратегиялық көлік ұшақтары мен жанармай тасымалдайтын ұшақтардың жоқ екеніне шағымданды. Ол ұшақтар әуедегі НАТО басымдығын қамтамасыз ететін еді. Алайда кімнен басым түсу қажет? Генерал Бридлав Ресеймен соғысты жоспарлап отырғаны анық.

Ол 2014 жылы НАТО Әуе күштеріне қолбасшылық еткен шақта "сыпайы адамдардың" Қырымға қонуын байқамаған сыңай танытты. Ол сол кезде ашуға мініп, Ресейдің айыру белгісі жоқ әскерді қолдануын ең таңғаларлық блицкирг деп бағалады. Ол бүгінгі жағдайды сол оқиғаның есесін қайтарудың мүмкіндігі ретінде қарастыратын секілді.

Пентагонға қызмет ететін Гудзон институтындағы аналитиктер тез арада америкалық орташа қашықтыққа ұшатын зымырандарды Ресей шекарасын бойлай орналастыруға және НАТО әскерін Сувалки дәлізіне жөнелтуге кеңес береді. Бірақ олар Сувалки дәлізі Белоруссия мен Калининград облысының арасында 65 километрге созылып жатқан аумақ екенін біле ме? Бір жағында Литва болса, екінші жағында Польша орналасқан. Картада бәрі анық көрсетілген. Сонда Украинаның бұған не қатысы бар?

Шындығында Украинаның ешқандай қатысы жоқ және көп уақыттан бері барлығы ашық әрекетке көшті. Америкалықтар Ресеймен соғысуды көздеп отыр. "Тежеу" – бұл сыпайы эвфемизм. АҚШ Украинаны да Балтық маңы елдері секілді қажеттілігіне қарай қолданады. Территориясын әскери әрекеттер театры ретінде, халқын соғыс кезіндегі адам шығыны ретінде, елдегі билікті өз дегенін бұлжытпай орындайтын "одақтас" ретінде қолданады.

Америкалық әскеридің жоспары олар өз одақтастарын аса бағаламайтынын айғақтап тұр. Себебі Украина барлық стратегиялық шараларда атүсті аталады. Украина үшін Ресейді тежеу туралы бірер сөз айтылса, одан кейінгі жоспар ауқымдылығымен таңғалдырады. Сувалки дәлізі, тасымалдаушы ұшақтар, "die erste Kolonne marschiert, die zweite Kolonne marschiert..." Балтық елдеріндегі оқиға қайталанып жатыр.

Соңғы отыз жылда кейбір лимитрофты елдерде ұлтшылдықты тым асқақтатып жібергені соншалық, жергілікті тұрғындар қарапайым нәрсені елемей отыр. Олар өзерінің ұлттық ерекшеліктерін айтып, қанша мақтанса да, америкалықтар оларды әрдайым "орыстар" ретінде ғана қабылдайды. Немесе "кеңестік" деп қарастырады, айырмашылығы жоқ.

Бір кездері Еуразияның жүрегі болған одаақтың елдері біртұтас болған шақта ешкімге жеңістік бермейтін. Ресей шекарасын бойлай орналасқан халықтарға "дербес ұлтшылдық" таңу үшін бүтіндей сарапшылар институты ондаған жылдар бойы жұмыс істеп жатыр.

Украинаны Ресейден қорғау бойынша батыстағы әріптестердің іс-әрекеті жаға ұстатарлықтай. Себебі бейбітшілікке апаратын жол – бұл келіссөз, келісімді әзірлеу және сақтау емес пе? Ал америкалықтар Украинаға әскери техника жөнелтіп, ағылшындар танкіге қарсы зымырандармен жабдықтап жатыр. Ал Канада арнайы мақсаттағы әскер жасағын осы іске жұмылдырды. Американың Орталық барлау қызметі украин сарбаздарын арнайы даярлықтан өткізіп жатыр. Тіпті немісер де атсалысып жатыр. Олар украин әскерилеріне медициналық көмек көрсетуде.

Егер шындықты бүкпесіз баяндасақ, онда АҚШ үстемдігімен батыс елдердің Украинаны оккупациялауы баяу, бірақ табанды түрде жүріп жатыр. Украинаның бұл мәселеде өз есебі болғаны анық. Олар 2014 жылы осындай бір есепті жүзеге асырды: украиндер америкалықтардың ықпалына көшіп, есесіне солардың қаржысына иек артуға, ал өздерін Ресейден қысым көріп жатқан ел ретінде танытуды көздеді. Соғыс басталғалы жатыр деп дабыл қағып, бірақ ол соғысқа өзіміз қатыспаймыз деп жоспарлады.

Мәскеу көрінісі
© Sputnik / Наталья Селиверстова

Бірақ Ресей көршісі америкалықтар оларға қарағанда есепке жүйрік екенін ескермеді. Себебі украиндер міне, соғыс табалдырығында тұр. Елге аштық пен кедейлік қаупі төнді. Ресейді елемеуге тырысқан Украина өзі құрған қақпанға өзі түсті.

Егер 2014 жылы Украина Майданға мән бермей, Ресеймен тату қарым-қатынасты ұстана берсе, онда сол кездегі қақтығыс кезінде көз жұмған кемінде он төрт мың адам қазір тірі жүрер еді. Ел экономикасы құлдырамас еді және газ бағасы Ресейдегідей, яғни қазіргі өлшем бойынша нөлге тең дәрежеде болар еді.

Бір қызығы, әлемде тек Ресей ғана Украинаны қаз-қалпында, ел ішінде ешқандай жаңашылдық енгізбей-ақ, өзіндік атмосферасымен қабылдады. Ал басқалары бұл елді кезінде Ресейден бөлініп шыққан және ескіліктің заманында қалып кеткен түсініксіз аумақ ретінде қарастырды.

Батыстық басқыншылар жергілікті халыққа қатысты аяушылық пен адамгершілік танытады дегенге сену қиын. Себебі Донбастағылар жас гвардияшыларды әлі ұмытқан жоқ. Бабий Яр әлі де Киевтің жадында. Сол себепті орыстар бүгінде болып жатқан қатыгездікке абыржып отыр.

Украина Қарулы күштері мектептерді оқ ату және соғыс жүргізу орындары ретінде қолдануға көшті. Уукраина артиллериясы Донбастағы жүзден астам бейбіт тұрғынның көзін жойды. Одессадағы Кәсіподақтар үйінде ондаған адам тірідей өртелді және соққыға жығылды. Шаңқай түсте сәбиімен бірге өлтірілген жас әйелдің суреті бүкіл әлемге тарады.

Адам айтса сенгісіз бұл жағдай бүгінде Украинаның ақиқатына айналды. Ал америкалықтар "Ресей Украинаға шабуыл жасауға дайындалып жатыр" деп әлемді дүрліктіруін қояр емес. Ал шындығында америкалықтар мен еуропалықтардың Украинаға басып кіруін әлдеқайда бұрын болып қойған еді.

Енді бүгінде украин халқы кедейлік пен аштықтың қарсаңында тұр. Енді бұл сұрапылдан украиндерді кім құтқарады?

0
Кілт сөздер:
АҚШ, Ресей, соғыс