Экономика

Жүз алпысқа жуық басшы жемқорлық үшін ұсталды

© Photo : Pixabay / 4711018Наручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Жазылу
Жемқорлық жиі тіркелген салалар: ауыл шаруашылығы, білім, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық жасаған 1 280 адамның қылмысы әшкереленді. Оның 159-ы әртүрлі деңгейдегі басшылар. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, 11 айдың қорытындысы бойынша республикада 1 576 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Ең көбі Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында жасалған.
Ал жемқорлық жиі тіркелген салалар: ауыл шаруашылығы, білім, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау.
"Жалпы 1280 адам әшкереленді, оның 159-ы – әртүрлі деңгейдегі басшылар. Атап айтқанда, 1 вице-министр, 13 әкім және оның орынбасарлары, 4 сот және 28 облыстық басқарма басшылары", - деді Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Мемлекет қазынасына 20 миллиард теңгеден астам залал қайтарылған.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0