Пайыз белгісі

Бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер кредит төлеу мерзімін шегере алады

3000
Банк кәсіпкердің қаржы жағдайының нашарлағанын немесе келтірілген залалды растайтын фактілерге назар аударады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері қарыз алушымен келісу бойынша кредиттік ұйым айқындаған кезеңге несие төлемін кейінге шегере алады. Ол үшін 31 қаңтарға дейін өтініш беруі керек, деп хабарлайды "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайты.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылы 5 қаңтарда төтенше жағдай енгізілуі салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарызы бойынша төлемдерді кейінге шегеру тәртібін әзірлеп, бұйрықпен бекітті. Бұл тәртіп екінші деңгейлі банктерге, микроқаржы ұйымдарына, соның ішінде ломбардтар мен кредиттік серіктестіктерге де қолданылады.

"Банктер мен микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлердің өтінімін қарау кезінде олардың қаржы жағдайының нашарлағанын немесе келтірілген залалды растайтын фактілерге назар аударады", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Белгілі бизнесмен кәсіпкерлерді қолдау қорына 500 млн теңге аударды

Шешім кәсіпкер пайдасына шешілген жағдайда, шегеру мерзіміне сәйкес несие төлеудің жаңа кестесі құрылады, оған мыналар кіреді:

  • өсімпұл мен айыппұл есептемей, кредит және пайыздар бойынша негізгі борышты толық көлемде төлеу;
  • кейінге шегеру мерзіміне тең немесе мерзімін сақтай отырып, бірақ ай сайынғы төлемді қайта есептеу және ұлғайта отырып, несие мерзімін ұлғайту не қарыз шартында немесе қарыз алушының өтінішінде көрсетілген өзге өтеу тәсілі;
  • оң несие тарихын сақтау;
  • төлемді кейінге шегеру мүмкіндігі берілгені үшін комиссияның болмауы.

Кредит төлемін кейінге шегергісі келетін кәсіпкерлер қызмет көрсететін банкке немесе микроқаржы ұйымына 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін өтінім бере алады.

3000
Кілт сөздер:
бизнес, кәсіпкер, кредит
Бүлік салдарын жою

Алматыдағы бүлік шығыны 112 миллиард теңгеден асады

43
(Жаңартылды 10:05 17.01.2022)
Алматы бойынша тәртіпсіздік кезінде ең көп шығын Алмалы ауданына келген. Одан кейін Әуезов, Бостандық ауданы тұр. Ең аз шығын келген аудан – Наурызбай ауданы

АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейінгі шығын 112 миллиард теңгеден асады деп есептеліп отыр. Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде келген шығынды есептеу жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемін 112,6 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде бизнес орындарына келген шығын – 67 миллиард теңге. Қазір шағын және орта бизнеске – 42 миллиард теңге, ірі бизнеске келген шығын 25 миллиард теңге деп бағаланып отыр. Қазір деректерді қайта тексеру жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Өсеров.

Сондай-ақ:

  • азық-түлік сатпайтын дүкендер – 20,9 миллиард теңге;
  • азық-түлік дүкендер – 5,7 миллиард теңге;
  • қару-жарақ дүкендер – 6,4 миллиард теңге;
  • ломбардтар – 2,9 миллиард теңге;
  • қоғамдық тамақтану орындары – 1,8 миллиард теңге;
  • қаржы ұйымдары (банк, банкоматтар) – 702 миллион теңге.

Әкім орынбасарының айтуынша, әкімшілік ғимараттарға келген шығын 22,6 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде:

  • әкімдік ғимараты – 20 миллиард теңге;
  • прокуратура ғимараты – 2 миллиард теңге;
  • полиция департаменті және полиция бөлімі ғимараты – 205 миллион теңге;
  • экобекеттер – 163 миллион теңге;
  • медицина мекемелері – 2 миллион теңге.

"Материалдық-техникалық шығын 16,7 миллиард теңгені құрайды. Полиция департаментінің жабдықтары мен қару-жарағына көп шығын келген (16 миллиард теңге). "Сергек" жүйесі бойынша шығын алдын ала 250 миллион теңге деп есептеліп отыр. Мемлекеттік және жекеменшік көліктердің шығыны – 1,9 миллиард теңге. Зардап шеккен қызметкерлерге берілетін өтемақы 617,5 миллион", - деді әкім орынбасары.

Айтуынша, Алматы бойынша тәртіпсіздік кезінде ең көп шығын Алмалы ауданына (20,5 миллиард теңге) келген. Одан кейін Әуезов (20,1 миллиард теңге), Бостандық (17,3 миллиард теңге) ауданы тұр. Ең аз шығын келген аудан – Наурызбай ауданы.

43
Кілт сөздер:
Алматы, теңге
Тақырып:
Терроризмге қарсы арнайы операция
Тақырып бойынша
Алматыда мәйітханалардан 41 адамның денесі ұрланғаны белгілі болды
Алматыда бүлік кезінде 1300-ден астам қару ұрланды -  полиция департаменті
Алматыдағы трагедия: 405 қылмыстық іс қозғалды
Алматыда бүлікке қатысы бар 2,6 мың адам ұсталды
Тимур Құлыбаев "Атамекен" ҰКП басшысы қызметінен кетті
Алматыдағы тәртіпсіздіктің салдары

Halyk Bank тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендерге 3 миллиард теңге бөледі

2496
Бұл қаражат қираған нысандарды тез арада қалпына келтіруге және шұғыл шешімді талап ететін басқа да міндеттерге жұмсалады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Halyk Bank өз қаражаты есебінен жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендерге 3 миллиард теңге бөлуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бұл қаражат шағын және микро бизнес секторының кәсіпкерлеріне көмек ретінде, сондай-ақ қираған нысандарды тез арада қалпына келтіруге және шұғыл шешімді талап ететін басқа да міндеттерге жұмсалады", - делінген банктің ресми хабарламасында.

Айта кетері, Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен бизнеске көмек көрсету мақсатында "Күшіміз бірлікте" қоры құрылған болатын.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қорын құруды тапсырды. Қордың ақшасы есебінен денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемалар шешіледі. Сондай-ақ қаза болған полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек беріледі. 

Оқи отырыңыз:

2496
архивтегі сурет

Талдықорғандық кәсіпкер қоршауда қалған әскерилер мен полицейлерге тамақ тасыған

0
(Жаңартылды 12:33 17.01.2022)
Талдықорғандағы тергеу изоляторына қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов пен аспаз оқтың астында қалды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Танымал қазақстандық блогер Александр Цой ресторатор Дәурен Тәліповтың батыр әрекеті жайында жазды. Ол бүлікшілердің қоршауында қалған полицейлер мен әскерилерге тамақ тасыған.


4 қаңтар күні Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Ал ертеңінде бүлікшілердің белсенділігі күшейе түсті.

"Олар қалалық полиция ғимаратын зақымдады, облыстық әкімдікті жағып жіберді, көліктер де отқа оранды. 101 мен 102 қызметтері жұмыс істеген жоқ. Интернетті өшіріп тастады. Барлық мейрамхана мен тамақтану орындары жабық тұрды. Өрт сөндірушілер, әскерилер мен полиция қызметкерлері ғимараттардан шыға алмады. Барлығы ас-ауқатсыз қалды", - дейді Александр Цой.

Сол кезде ресторатор Дәурен Тәліпов өз міндеттерін аш құрсақ атқарып жатқан тәртіп сақшыларына көмек беруге шешім қабылдады, дейді ол.

Даурен Тәліптовтың айтуынша, оған ешкім өтініш жасаған жоқ. Ол әкімшілік ғимаратын қорғап тұрған адамдардың ауқатсыз қалғанын білді. Аспаздарына хабарласып, тамақ әзірлеуге тапсырма берді. Артынан оны жаяу жүріп таратқан. Себебі қоғамдық көлік те, такси де тоқтап қалды.

"Біз машинаға 300-400 порцияны салып, қала бойынша тараттық. Бірақ алдын ала әскерилер мен полицийлермен қандай белгі беріп өтетінімізді келісіп отырдық. Әйтпесе, бізді атып тастайтын еді", - дейді Дәурен Тәліпов.

Осылайша, аспаздар командасы екі күн бойы ыстық тамақ таратты. Ал 8 қаңтарда Талдықорғандағы тергеу изоляторына төрт рет қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов тағы бір аспазбен оқтың астында қалды.

"Оқты жан-жақтан жаудырды. Сол жерден қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқанда бізді БТР тоқтатты. Шамасы, қылмыскерлер деп ойлап қалған. Көлікте тағы бір аспаз келіншек болды. Соққының қатты болғаны сонша, екеуіміз естен танып қалдық. Ауруханада есімізді жидық. Ешкім жедел жәрдем шақырмаған. Жол-жөнекей өтіп бара жатқан адамдар бізді көлікке салып алып, ауруханаға жеткізген екен", - деп еске алды Тәліпов.

Дәурен мен аспазға бірнеше ота жасалды. Қазір жағдайлары жақсы, екеуі де сауығып келеді.

Оқи отырыңыз: 

 

0
Кілт сөздер:
Талдықорған, кәсіпкер, тамақ, полицейлер