Экономика

Елде тапшылық бола тұра газды экспорттауға енді жол берілмейді – Тоқаев

© Sputnik / Тимур БатыршинГазопровод, архивное фото
Газопровод, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2022
Жазылу
Қазақстан басшысы облыс әкімдерінен елдік жобаларды жүзеге асыруға газ жетіспейді деген шағымдар түсетінін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының газ саласындағы жұмысын реформалау қажеттігін мәлімдеді.
Президент бизнесмендермен кездесуінде үкіметке мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, телекоммуникация нарығы, фармацевтика және басқа да бірқатар салада тәртіп орнату қажеттігін хабарлады. Бұл ретте жаңа өндірістерді ынталандыруда табиғи газбен қамтамасыз ету де ерекше рөл атқарады.
"Самұрық-Қазынаны"  реформалау аясында ішкі нарықты газбен қамтамасыз етуге басымдық берілуге тиіс. Кәсіпкерлер ғана емес, облыс әкімдері де үкіметке, тіпті маған индустриялды жобаларды жүзеге асыру үшін газ бөлу туралы өтініштерін айтып жатыр. Ал газ жоқ. Газды отандық өндірісті іске қосу үшін пайдаланудың орнына экспортқа шығаратын жағдайға енді жол берілмейді", - деді республика президенті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0