АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қарағанды – Балқаш автожолында Shacman көлігінің 59 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетті. Салдарынан 35 жастағы полиция қызметкері жүргізіп келе жатқан ВАЗ автокөлігімен соқтығысты.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында полицейлер жол апатына ұшырап, біреуі көз жұмды
Жол апатынан ВАЗ автокөлігінің ішінде болған 30 жастағы полиция қызметкері мен 46 жастағы облыс тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі – 35 жастағы полицей түрлі жарақатпен Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.
Қарағанды облысы ішкі істер органдары басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Қаза тапқан полиция капитаны Дәурен Қабдығалиев 2009 жылдың мамыр айынан бастап ішкі істер органдарында қызмет етті, үйленген, екі баласы бар.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (көлік басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлікті басқару қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ТАЛДЫҚОРҒАН, 21 қаңтар – Sputnik. Талдықорған қаласының орталығында жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бүгін таңертең сағат 07:55-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пультіне облыс орталығы көшелерінің бірінде автобус өртенгені туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер келген уақытта автобус толығымен отқа оранған.
"Өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. 14 қызметкер мен 3 бірлік арнайы техника оқиға орнына барды", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Еңбек – Талдықорған бағытында жүретін № 228 жолаушылар автобусы жанып кеткені анықталды. Өрт кезінде қоғамдық көлікте 5 жолаушы болған, олар салоннан өз бетімен шығып үлгерген.
Ақтаудағы иесі Симбадан бас тартқан болатын. Кейін ол Алматыға жеткізілді. Жаңа жерден бейімделіп үлгерген. Қарды ұнатады, ауа температурасы жылы болған кезде серуендейді.