АСТАНА, 16 қыр — Sputnik. ҚР Парламенті сенатының депутаты Дариға Назарбаева танымал продюсер Баян Есентаеваны соққыға жығу туралы пікір білдіріп, мұндай жағдайды "масқара" деді.
Оның атап өтуінше, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінде ақиқат әйел тарапында.
"Әрине, мұндай жағдайлар әйелдерге барлық жағынан өте ауыр тиеді. Егер адам өзін еркек санап, әйелге қол көтерсе – бұл масқара", — деді Назарбаева тілшілерге.
Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған.
НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Елорданың құқық қорғау органдарының қызметкерлері спорт кешенінде 21 жастағы қыз суға батып кеткеннен кейін тексеріс жүргізіп жатыр. Трагедия 16 қаңтарда, сенбі күні таңертең болды.
Спорт кешенінің жаттықтырушысы бассейнде қимылсыз жатқан қызды көрген. Ол оны судан шығарып, жасанды тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасаған, бірақ нәтиже болмаған.
Қызылордада мұз астына түсіп кеткен 4 адамның денесі табылды
Оқиға орнына келген медициналық көмек қызметкерлері қыздың көз жұмғанын анықтады. Ол суға батқан кезде бассейнде тағы төрт адам жүрген.
Марқұм бассейнге бір реттік абонемент сатып алу арқылы барғаны белгілі болды.
АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында Ленин атындағы шахтадағы апаттан бір жұмысшы қаза тапты.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының ұжымы мен басшылығы оқиға салдарынан Ленин атындағы шахтада қаза тапқан бұрғылау қондырғысының машинисі Николай Шадировтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", - делінген Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
"АрселорМиттал Теміртау" қайтыс болған адамның отбасына Қазақстан заңнамасына және ұжымдық шартқа сәйкес барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетеді.
Николай Шадиров – бұрғылау қондырғысының 5-ші разрядты жерасты машинисі. Ол компанияның көмір департаменті "Спецшахтомонтаждегазация" басқармасында 16 жыл, оның ішінде 15 жыл бұрғылау қондырғысының машинисі болып жұмыс істеген.
Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Ленин атындағы" шахтада метан газы мен ұсақ көмір фракциялары шығып кеткен. Мұндай жағдай барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде болған.
Тау-кен шебері мен машинистің көмекшісі оқиға орнынан кетіп үлгергенімен, машинистің өзі шыға алмай қалған. Ал апат кезінде шахтада үшінші ауысымның 137 жұмысшысы болған, оның 136-сы шығарылды.
Қарағанды шахтасындағы төтенше оқиға: екі адам зардап шекті
Бұған дейін шахтада газ бен көмір атындысы кезінде екі адам зардап шеккені хабарланды.
Аталған факті бойынша төтенше жағдайлар министрлігі өндірістік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жанынан арнайы тергеу комиссиясы құрылды.
АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітов коронавирустан қайтыс болды, оның өкпесі 90-95 процентке зақымданды, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Жұмыс барысында ол өзін жауапты басшы ретінде танытты. Оның бай тәжірибесі мен кең теориялық және практикалық білімі болды. Отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз", - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Онда сондай-ақ шамамен тоғыз жыл бұрын Құлсейітов жол апатына ұшырап, бір ажалдан аман қалғаны айтылған. Бұл жағдай оның денсаулығына әсер еткен. Ол инфекциямен 2020 жылдың 30 желтоқсанынан бері күресіп келген.
Нұрлан Құлсейітов желіде тараған видеодан кейін қайтыс болардан біраз уақыт бұрын тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Роликтен кездесуге қатысушылардың бірі дәрі-дәрмек жетіспеушілігі туралы сұраққа жауап алуға тырысып жатқанын көруге болады.
Бірақ оның сөзі медициналық мекеме басшысының ашуын келтіреді, ол айқайлап, үстелді жұдырығымен бір ұрған. Содан кейін ол жиналыстан кетіп қалады. Осыдан кейін оған тәртіптік жаза тағайындалды.