Жол патруль полициясының автокөлігі

Қапшағайдың мас тұрғыны полицей патрульдік автокөлігіне шабуыл жасады

9
Ішімдікке тойып алған ер адам метал түтікпен жүріп жатқан көліктерге, соның ішінде автопатрульге шабуылдаған.

АСТАНА, 25 окт — Sputnik. Қапшағайда ішімдік ішіп алып, патрульдік автокөлікке шабуыл жасаған 24 жасар ер кісі ұсталды, деп хабарлады Алматы облыстық полицияның баспасөз қызметі. 

Патруль қызметіне шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық істің қозғалғаны хабарланады.

"Соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") бойынша жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адам Қапшағай аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп түсіндірді оқиғаны облыстық ІІД. 

Қазанның 24-нен 25-іне қараған түні темір түтікпен қаруланып алған 24 жасар ер адам себепсіз автопатрульге шабуылдаған, арнайы көлікті бүлдіріп, полицейге дене жарақатын салған. Ұсталғанның жеке асын анықтауда Қапшағай полиция қызметкерлері күдіктінің бұрын соңды қылмыстық жауапкершілікке тартылған жергілікті тұрғын екені анықталды. 

"Күдікті мас болған және метал түтікпен жүріп жатқан көліктерге, соның ішінде автопатрульге шабуылдаған, патрульдік көлік оқиға орнына шақырту бойынша келген. Күдіктінің ашулы болғанына қарамастан, оны дереу қарусыздандырып, қалалық полиция бөлімшесіне жеткізді", — деп хабарлады баспасөз қызметінде. 

Ұстау кезінде дене жарақатын алған полицей алғашқы жәрдем көрсетілгеннен кейін қызметіне қайта оралған. 


9
Архивтегі сурет

"Басына бес оқ тиген": Теміртауда көз жұмған сарбаздың анасы күтпеген мәлімдеме жасады

95
Ұлынан айрылған ана баласының өліміне әскери бөлімшедегі бассыздық пен салғырттық себеп болды дейді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Теміртау қаласында әскери бөлімде қаза болған сарбаз Сержан Оңғардың туыстары күтпеген мәлімдеме жасады. Марқұмның анасының айтуынша, рота командирі сарбаздардан ақша жинап келген, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Сарбаздың туыстары әскери бөлімде тәртіп пен тәрбиенің жоқтығы оның өліміне әкеліп соқты дейді. Олар ресми органдардың жауабына сенбейді. Сондықтан  осы жағдайға жол берген барлық шендіні жазалауды сұрап отыр.

Телеарна ақпаратынша, бұл отбасына қаралы хабар түн ортасында жеткен. Қапияда ұлынан айрылған ана баласының өліміне әскердегі бассыздық пен салғырттық себеп болғанына сенімді.

Айтуынша, Теміртаудағы 5516 әскери бөлімшесінде талай былық бар. Тіпті соңғы рет баласымен сөйлескенде ол рота командирінің ақша жинайтынын білген.

"Тамағының астынан атқан бесеуі де басына атылған. Бес оқ атқанша ол қимылдамаған ғой. Мен сараптаманың әділ болатынына да сенбеймін. Қастандық бұл. Күнделігі бар. Ол да жоқ. Жоқ қылып жіберген.  "Мама, бізге 3700 теңге ақша беріледі, мама аяғыма крем аламын" деп сұрап алатын. Ол ақшаны рота командирі жинап, өзі алады екен. Қалтасына басып алады, сол жердегі бар баладан сұраңыз. Ата-аналар білмейді", - дейді марқұмның анасы Гүлжан Қасымбекова.

20 жастағы Сержан Оңғар өткен түні сағат бір жарым шамасында Теміртау қаласындағы 5516 әскери бөлімде қарауылда тұрған. Сол мезетте мерт болған. Алдын ала жасалған ресми болжам бойынша ол өзіне өзі оқ атқан.

"Қатардағы жауынгер Оңғаров ішкі қарауылда қызмет атқарып жүріп, басына өзіне бекітілген автоматтан оқ атып, жедел түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай ол ауруханада көз жұмды. Қазіргі таңда Орталық әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - деді Ұлттық ұлан "Орталық" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Қанат Беляков.

Оқи отырыңыз: Теміртауда қатардағы жауынгер өзіне оқ атып, көз жұмды

Сержан Оңғар отбасындағы алты баланың екіншісі. Түркістан облысы  Мақтарал ауданы Мақтажан ауылынан 10 ай бұрын әскерге аттанған. Алматыда медицина колледжінде фельдшер мамандығының 3-інші курсында оқып жүргенде, әскерге шақырту алыпты. Өз еркімен борышын өтеуге бел буған. Әскери бөлімде үздік жауынгерлер қатарынан да көрінген.

"Ол өте жақсы, барлығымен бірдей араласатын. Жаман қылықтары да жоқ еді. Бірге қызметке де шығып жүрдік. Он ай біргеміз, таңнан кешке дейін. Шынымды айтсам, ондайды күтпедім. Өте сыпайы, өте мейірімді, барлығымен бөлісетін, өте жақсы бала болды", - дейді Теміртау қаласындағы 5516 әскери бөлімшесінің қатардағы жауынгері Бауыржан Шариполлинов.

Сарбаз қазасынан екі сағат бұрын туыстарымен телефон арқылы тілдескен. Дауысы жайдары болды дейді. Аяқ астынан өзін атып салуы мүмкін емес, деп отыр жақындары.

Қазір әскери бөлімшеде қызметтік тексеріс басталды. Қазаға себеп болған командир ма, жоқ па оны тергеу орындары анықтамақ.

95
Кілт сөздер:
Теміртау, сарбаз, мәлімдеме, ана
Балкон

Елордада әйел баласымен 12-қабаттан секірмек болды

1357
(Жаңартылды 12:59 23.10.2021)
21 жастағы келіншек бұл қадамға отбасылық жанжалдан кейін барған. Оның қолындағы бала бір жарым жаста болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Елордада әйел баласымен бірге 12-қабаттан секірмекші болды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

22 қазанда кешкі сағат 17.30 шамасында полиция капитаны Кубрин көшесіндегі үйдің 12-қабаттағы балконында баласымен бірге секіруге оқталып тұрған әйелді байқап қалды. Әйел балконның жақтауында отырған. Полиция капитаны Қайрат Нариманов дереу 12-қабатқа көтерілді. Үйге кіріп, балкон жақтауында отырған әйелді құтқарып үлгерді. 

21 жастағы келіншек бұл қадамға отбасылық жанжалдан кейін барған. Оның қолындағы бала бір жарым жаста болып шықты. 

"Бұл күні тәуліктік кезекшіліктен кейін демалыста болатынмын. Балаларымды алып балабақшадан келе жатқанда балконда отырған әйелді байқап қалдым. Дереу пәтерге қарай жүгірдім. Абырой болғанда оны құтқарып үлгердім", - дейді полиция капитаны. 

Әйелін осындай жағдайға жеткізген ер адамға жарын бақылауға алу нұсқаулығы берілді. Ал әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізілді. 

Оқи отырыңыз: 

1357
Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды

Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды

0
Сонымен қатар соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қаржы министрлігінің 100 жылдығына орай қаржыгерлер аллеясы ашылды.

Қаржы министрлігі ғимаратының жанына 100 көшет отырғызылды, ол енді елорданың жасыл қорын толықтырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қаржыгерлер аллеясының ашылу салтанатында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аллеяның ашылуы министрлік мерейтойына арналған іс-шаралар легінің бастауы болғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды
© Photo : Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
Қаржыгерлер аллеясы

Осылайша, жақын арада әр жылдары министрлікті басқарған тұлғалар туралы бірнеше жарияланым ұсынылады. Сондай-ақ, соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік қызметкерлер қалыптасқан дәстүр бойынша "Қаржы саласының үздігі" медалімен, бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталады.

Қаржы министрлігінің ақпаратынша, тәуелсіздік жылдарында министрлікке 14 адам басшылық еткен.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан