Өскеменде автокөлік пен трамвай соқтығысты

Өскеменде трамвай автокөлікті қаққа бөліп түсіре жаздады

37
Көлікте жүргізуші ғана болған, ер адам ауыр жарақат алған жоқ, бірақ аяғы ауырып қалыпты.

АСТАНА, 24 қар — Sputnik.  Өскеменде бейсенбі күні таңертең автокөлік трамвайға соғылды, нәтижесінде көлік вагон мен бағананың арасына қысылып қалған деп жазады жергілікті YK-news.kz басылымы.

Апатты куәгерлер бейнежазбаға түсірген. Олардың пайымдауынша, тайғақ жолдан автокөлік дөңгелегі тайып кеткен.

"Сағат 7:30 кезінде ММС (Металлургтер мәдениет сарайы) жақтан келе жатқан автокөлік ресльке шығып кетіп, айналып барып трамвайға соғылды, — дейді ер адам. – Нәтижесінде көлік қозғалып келе жатқан вагон мен бағананың арасында қалып қойды. Алғаш көрген сәтте ішіндегі адамдарға не болды екен деп ойладық. Құдай оңдап, көлікте жүргізуші ғана болған, ауыр жарақат алған жоқ, тек аяғын ауыртып алыпты. Оны бір жарым сағаттан кейін құтқарушылар шығарып алды. Шопырдың айтуынша,баласын балабақшаға апарып келе жатқан беті екен".

Полицейлер жол апаты себептерін анықтады.

37
Қараганды-Теміртау жолында апатқа ұшыраған көлік

Ер адам жантүршігерлік жол апатынан таңғажайып жағдайда аман қалды видео

2155
(Жаңартылды 10:57 26.10.2020)
Қапталдағы көлікті жоғары жылдамдықпен басып озған қара LADA жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі қоршауға соғылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Қарағанды ​​облысындағы тас жолда болған апаттың видеосы әлеуметтік желілерде кең таралуда.

Автокөліктің санаулы секунд ішінде метал үйіндісіне айналған сәті оқиға куәгерлерінің видеорегистраторына түсіп қалған. Жол апаты 25 қазан күні 14.40-та болды.

Видео авторының машинасын қара түсті LADA көлігі жоғары жылдамдықпен басып озады да, көп ұзамай сырғып барып, жол жиегіндегі қоршауға соғылады.

Қатты соққы әсерінен асфальт бетінде бірнеше рет айналып, жолдың сол жақ қапталына сырғыған көліктегі ер адам (жолаушысы болуы мүмкін) таңғажайып жағдайда аман қалды. Орнынан тұрған ол өзіне қарай дөңгелеп келе жатқан қосалқы шинаны тоқтатып үлгереді. Бұл әрекетке қарап, оның ауыр жарақат алмағанын байқауға болады. 

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің Sputnik Қазақстанға ұсынған мәліметіне сүйенсек, ВАЗ 2114 көлігінің 25 жастағы жүргізушісі "Бүркіт" кафесінің маңында жоғары жылдамдықпен Пришахтинскіге қарай кетіп бара жатып, рөлге ие бола алмай темір қоршауға соғылған. Жол апатынан зардап шеккендер Қарағанды ​​облыстық медицина орталығына жеткізілген.

Оқи отырыңыз: Әйел "коронавирустың" арқасында аман қалды

Айта кетейік, демалыс күндері өңірде ауа райының құбылуына байланысты жол апаттары жиілей түсті. Оған көптеген жүргізушінің көлік доңғалақтарын қыстық шинаға ауыстырып үлгермеуі себеп болуы мүмкін.

2155
Кілт сөздер:
Қарағанды облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақмола облысында теміржолшылар ағашқа шығып аман қалды
Тірідей көмілген ер адам таңғажайып жағдайда аман қалды
Басына оқ тиген Алматы тұрғыны аман қалды
Дәрігерлер трактордың астына түскен қызды аман алып қалды
Павлодарда мас адам 4-қабаттың терезесінен құлап кетіп, аман қалды
Жолдан өтіп бара жатқан бүлдіршін

Алматыда жүйткіген көлік бес жасар баланы қағып кетті видео

1115
(Жаңартылды 11:16 25.10.2020)
Жол жиегінде тұрған балалардың бірі қарсы бетке өту үшін жүгіріп шыққанын Subaru көлігі байқап үлгермеген

НҰР-СҰЛТАН,  25 қазан – Sputnik. Дәрігерлер шетелдік көліктің соққысына ұшыраған бес жасар баланың өмірі үшін күресуде. Ал полицейлер осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Алматының Түрксіб ауданындағы Постышев көшесінде орналасқан "Лимон" дүкенінің алдында көлік бес жасар баланы қағып кетті.

Бейнебақылау камерасынан кішкентай екі баласы бар әйелдің жол жиегінде тұрғанын көруге болады. Балалардың бірі кенеттен жолдың қарсы бетіне өту үшін жүгіріп шыққанда, Subaru көлігі қағып кетеді. Жүргізуші баланың күтпеген жерден шыққанын байқап үлгермеген. 

Жол апаты салдарынан бала ауыр жарақатпен балалар травмотологиясы ауруханасына түсті. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.

Оқи отырыңыз: Қызылордадағы жол апаты: тағы бір бала ауруханада көз жұмды

Алматы полициясы осы оқиға негізінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлік құралын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

1115
Тақырып бойынша
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды – видео 
Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды: жеңіл көлік жапырылып қалды  
 Сау-тамтығы қалмаған: Қалбатау-Көкпекті жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты бес адамның өмірін қиды
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды

0
Президент карантинді күшейту жөніндегі қатаң шараларды кәсіпкерлердің мүдделерін және жалпы еліміздің экономикалық дамуын ескере отырып қабылдаған жөн деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.  

Президентке санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері  туралы баяндалды.

COVID-19 індетінің жаңа толқынына дайындық

Асқар Мамин президентке еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың бақылауда екенін жеткізді. Сондай-ақ коронавирус індетінің жаңа толқынына дайындық жұмыстары аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда медициналық ұйымдар мен халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, емдеу нысандарына жасанды тыныс беру аппараттары мен оттегі концентраттарын жеткізу, аймақтарды жылжымалы диагностикалық кешендермен, цифрлық рентген-аппараттармен, мобильді топтармен және жедел медициналық көмек көрсету көліктерімен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 13 аймақтың 10-ында модульдік жұқпалы ауруханалардың құрылысы аяқталған, қалған 3 нысан осы жылдың қараша айының соңына дейін пайдалануға беріледі.

Дәрі-дәрмек қоры жасақталды

Мемлекет басшысына республикалық және аймақтық тұрақтандыру қорларының құрылғаны және денсаулық сақтау жүйесіне арналған 91 түрлі дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қоры жасақталғаны туралы айтылды. Дәрі-дәрмектердің тапшылығын болдырмау үшін дәріханалардың бөлшек сауда жүйесінде сұранысқа ие 33-тен астам препарат қоры қосымша жасақталуда. 

Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ПТР тест сынамаларын алу көлемін арттыру жұмыстары туралы да мәлімет берді. Оның айтуынша, зертханалар саны 124-ке дейін көбейіп, тестілеу қуаты тәулігіне 66 мыңға дейін жетті. Бұл ретте, тұрғындарды тест сынамаларымен қамту 2,5 есе ұлғайтылып, ПТР тест сынамаларын алу құны төмендетілді.

Эпидемиологиялық бақылау күшейтілді

Бұдан бөлек, Асқар Мамин президентке шекаралық өткізу бекеттерінде, сондай-ақ, көліктің барлық түрі мен инфрақұрылымында санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың күшейтілгені туралы баяндады. Сонымен қатар өңірлердегі бизнес субъектілерінің жұмысы біртіндеп қайта қалпына келтірілуде. Осы ретте, аймақта вирус жұқтыру өсімінің тіркелмеуі, тұрақты эпидемиологиялық ахуалдың "жасыл" деңгейде болуы ескеріледі.

Премьер-министр мемлекет басшысына кәсіпкерлерді қолдау, шетелден инвестиция тарту, жұмыспен қамту ісін дамыту және елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өркендетудің басқа да өзекті мәселелері жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндады.

Президент коронавирус пандемиясының алдағы айлардағы таралуына қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пессимистік болжамдарын ескеріп, үкімет белгілеген жоспардың мүлтіксіз орындалуының маңызды екенін атап өтті. Карантинді күшейту жөніндегі қатаң шараларды кәсіпкерлердің мүдделерін және жалпы еліміздің экономикалық дамуын ескере отырып қабылдаған жөн.

0
Кілт сөздер:
жеке кәсіпкерлер, карантин, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Батыс Қазақстанда әкім ұлына ұлан-асыр той жасаған – видео
Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді
Қарағанды облысының бір ауылы карантинге жабылды
Бекшин Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді
Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты