Өз-өзіне қол жұмсау

БҚО-да 10 сынып оқушысы асылып қалды

84
(Жаңартылды 12:23 04.01.2017)
Ер баланың өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны әлі анықталған жоқ

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. Оқиға екінші қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылында орын алған деп жазады "Мой город" порталы.

Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Тілек Ғабудшевтің айтуынша, сол күні оқушы аулада қар күреп жүреді, кейіннен әпкесі оны асылып қалған күйінде тауып алған.

"Ата-анасы үйде болмапты. Қонаққа кеткен екен. Бала үйде үлкен әпкесімен бірге қалады. Қар күреу үшін аулаға шығыпты,  кешке қарай әпкесі терезеден қараса, бауыры асылып қалған екен. Ол бірден ата-анасына хабарласады, содан кейін бөлімше инспекторына хабар береді", — деп түсіндірді әкімнің орынбасары Тілек Ғабдушев.

Оның сөзіне сүйенсек, бала ауқатты отбасынан шыққан. Әкесі полицияда істейді. Ер бала сабақты жақсы оқиды, екінші қаңтарда Мәдениет үйінде дайындықта болған. Өз-өзіне қол жұмсаған оныншы сынып оқушысы ешкіммен ренжіспеген көрінеді.

84
Қараганды-Теміртау жолында апатқа ұшыраған көлік

Ер адам жантүршігерлік жол апатынан таңғажайып жағдайда аман қалды видео

2418
(Жаңартылды 10:57 26.10.2020)
Қапталдағы көлікті жоғары жылдамдықпен басып озған қара LADA жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі қоршауға соғылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Қарағанды ​​облысындағы тас жолда болған апаттың видеосы әлеуметтік желілерде кең таралуда.

Автокөліктің санаулы секунд ішінде метал үйіндісіне айналған сәті оқиға куәгерлерінің видеорегистраторына түсіп қалған. Жол апаты 25 қазан күні 14.40-та болды.

Видео авторының машинасын қара түсті LADA көлігі жоғары жылдамдықпен басып озады да, көп ұзамай сырғып барып, жол жиегіндегі қоршауға соғылады.

Қатты соққы әсерінен асфальт бетінде бірнеше рет айналып, жолдың сол жақ қапталына сырғыған көліктегі ер адам (жолаушысы болуы мүмкін) таңғажайып жағдайда аман қалды. Орнынан тұрған ол өзіне қарай дөңгелеп келе жатқан қосалқы шинаны тоқтатып үлгереді. Бұл әрекетке қарап, оның ауыр жарақат алмағанын байқауға болады. 

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің Sputnik Қазақстанға ұсынған мәліметіне сүйенсек, ВАЗ 2114 көлігінің 25 жастағы жүргізушісі "Бүркіт" кафесінің маңында жоғары жылдамдықпен Пришахтинскіге қарай кетіп бара жатып, рөлге ие бола алмай темір қоршауға соғылған. Жол апатынан зардап шеккендер Қарағанды ​​облыстық медицина орталығына жеткізілген.

Оқи отырыңыз: Әйел "коронавирустың" арқасында аман қалды

Айта кетейік, демалыс күндері өңірде ауа райының құбылуына байланысты жол апаттары жиілей түсті. Оған көптеген жүргізушінің көлік доңғалақтарын қыстық шинаға ауыстырып үлгермеуі себеп болуы мүмкін.

2418
Кілт сөздер:
Қарағанды облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақмола облысында теміржолшылар ағашқа шығып аман қалды
Тірідей көмілген ер адам таңғажайып жағдайда аман қалды
Басына оқ тиген Алматы тұрғыны аман қалды
Дәрігерлер трактордың астына түскен қызды аман алып қалды
Павлодарда мас адам 4-қабаттың терезесінен құлап кетіп, аман қалды
Жолдан өтіп бара жатқан бүлдіршін

Алматыда жүйткіген көлік бес жасар баланы қағып кетті видео

1131
(Жаңартылды 11:16 25.10.2020)
Жол жиегінде тұрған балалардың бірі қарсы бетке өту үшін жүгіріп шыққанын Subaru көлігі байқап үлгермеген

НҰР-СҰЛТАН,  25 қазан – Sputnik. Дәрігерлер шетелдік көліктің соққысына ұшыраған бес жасар баланың өмірі үшін күресуде. Ал полицейлер осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Алматының Түрксіб ауданындағы Постышев көшесінде орналасқан "Лимон" дүкенінің алдында көлік бес жасар баланы қағып кетті.

Бейнебақылау камерасынан кішкентай екі баласы бар әйелдің жол жиегінде тұрғанын көруге болады. Балалардың бірі кенеттен жолдың қарсы бетіне өту үшін жүгіріп шыққанда, Subaru көлігі қағып кетеді. Жүргізуші баланың күтпеген жерден шыққанын байқап үлгермеген. 

Жол апаты салдарынан бала ауыр жарақатпен балалар травмотологиясы ауруханасына түсті. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.

Оқи отырыңыз: Қызылордадағы жол апаты: тағы бір бала ауруханада көз жұмды

Алматы полициясы осы оқиға негізінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлік құралын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

1131
Тақырып бойынша
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды – видео 
Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды: жеңіл көлік жапырылып қалды  
 Сау-тамтығы қалмаған: Қалбатау-Көкпекті жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты бес адамның өмірін қиды
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Алматының орталық мешіті

Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады

11
Қазақстанның мешіттерінде күн сайынғы бес уақыт намазды оқуға рұқсат етілді. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz.

Отырыста мешіттер мен театрларға қатысты жаңа ереже бекітілді.

Сонымен, 2 қарашадан бастап күн сайынғы бес уақыт намазды мешітте оқуға рұқсат етіледі. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс. Сонымен қатар, 2 метр әлеуметтік арақашықтық, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталады. Келушілердің барлығы маска тағуы керек, олардың дене қызуы өлшенеді.

Жұма намазын оқуға әзірге рұқсат етілген жоқ.

Оқи отырыңыз: Екінші тоқсаннан бастап қандай мектептер дәстүрлі форматқа көшеді?

Сондай-ақ театрлардың жұмысы да талқыланды. Залды 30%-ке дейін толтыруға болады, бірақ 100 адамнан асып кетпеуі керек.  Мұнда да әлеуметтік арақашықтық, маска режимі сақталады.    

11
Кілт сөздер:
мешіттер, намаз, жұма намаз
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді
Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Бекшин Алматыда инфекция жұқтырғандар неге көбейгенін айтты
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады