Оқиға

Петропавлдың орталығы Венецияға айналды

© Sputnik / Елена БережнаяПетропавлдағы апат
Петропавлдағы апат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Петропавл орталық көшелерінің тұрғындары су құбырындағы апатқа байланысты қайта сусыз қалды

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Петропавлда ірі коммуналдық апат орын алды: орталық көшелерге ыстық су ағылып жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі ТЖ орнынан. 

Жарылу апаттық жұмыстардың жалғасып жатқанына он тәулік болған апаттық су таратқышта болды. 

Бұдан бұрын 10-нан астм көппәтерлі үйлердің тұрғындары 1 қаңтардан бері Интернациональный-Жұмабаев-Абай көшелерінде құбыр жарылғаннан кейін сусыз қалды. Содан бері бұл ауданда іркіліссіз сумен жабдықтау мүмкін болмай қалған. Өйткені "Қызылжар су" ЖШС жұмысшылары жұмыс күндері суды өшіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданған.  

Сейсенбі күні кешке апаттық учаскеде ыстық су қаланың орталық көшесі Жұмабаеваның бойынан ағылып, шектес көшелерге тарай бастады.  

"Біздің апаттық бригадалар кетті. Су таратқыштағы зақым анықталды. Су таратқышты өшіру бойынша шаралар қабылдап жатырмыз. Сосын бірден зақымды жоюға кіріседі. Апатты ауыздықтаған соң, сумен жабдықтау қалпына келтіріледі", — деді Sputnik Қазақстанға "Қызылжар су" ЖШС-ның бас инженері Сергей Визеров. 


Жаңалықтар
0