Оқиға

Тоғыз құмалақ бойынша Қазақстан чемпионы Семейде жол апатынан қаза болды

© Sputnik / Ирина СемибратоваЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнынан қашып кеткен жол апатының себепшісі, алдын ала болжам бойынша мас болған

АСТАНА, 18 қаң – Sputnik. Ұлттық тоғыз құмалақ ойыны бойынша Қазақстан және Орта Азия чемпионы Алмаз Жақсылықов 14 қаңтар күні Семей қаласында жол апатынан қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық ІІБ баспасөз қызметінде. 

Апат 14 қаңтар күні таңғы сағат 4:30-дар шамасында болған. 

"Анықталмаған жүргізуші Toyotа Land Cruiser автокөлігімен Семей қаласы  Центральная көшесінің бойында Toyotа Camry көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан 1986 жылы туылған Toyotа Camry жүргізушісі алған жарақаттардан Семейдің орталық қалалық ауруханасында көз жұмды", — деді агенттікпен әңгімелесуші. 

Жылу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда жол апаты салдарынан мыңнан астам үй жылусыз қалды

Көлік жолаушы — 1989 жылғы қыздың аяғы сынып жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматологиялық бөліміне жеткізілген. 

ЖКО-дан кейін анықталмаған жүргізуші оқиға орнынан қашып кетіп, "Ұстап алу" жоспары жарияланды. 

Жедел іздестіру шаралары барысында ізін суытпай полиция қызметкерлері 1975 жылы туылған ер адамды ұстаған. Ол кінәсін мойындаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына жабылды.

"Оған қатысты екі қылмыстық ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімі  "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" және 347-бабы "Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу", бойынша іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", — деп ақпараттандырды басқармада. 


Жаңалықтар
0