Оқиға

Әсемдікке құштарлық: Астанада иіссу дүкенінің күзетшісі ұрлық жасап сотталды

© Public DomainПарфюм
Парфюм - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада Beautymania дүкенінен екі миллион теңгеден астам сомаға әтір ұрлаған күзетшіге рақымшылық берілді

АСТАНА, 7 ақп — Sputnik. Астанадағы Beautymania дүкенінің күзетшісі екі миллион теңгеден астам сомаға әтір ұрлағаны үшін шартты түрде жаза мерзіміне кесілді деп хабарлады қалалық сот Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Істің дерегі бойынша, сотталушы ұзақ уақыт Beautymania дүкенінде күзетші қызметін атқарып, жалпы сомасы 2 миллион 51,5 мың теңгеге иіссу өнімін құпия түрде ұрлаған. 

"Сотталушы тағылған айыпты толығымен мойындап, жасаған ісі үшін өкінді. Келтірілген шығынды өтеді", — деп хабарлайды сот. 

Астана қаласы Есіл аудандық №2 сотының үкімімен бұрынғы күзетші ҚК 188 бабы, 3 бөлігі мен ҚР "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай рақымшылық туралы" заңына сәйкес, 1 жыл 9 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.   

Жаңалықтар
0