Оқиға

Ақтауда оқушы қызды азғындаған мектеп автобусының жүргізушісі сотталды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот мектеп автобусының 69 жастағы жүргізушісін кәмелет жасқа толмағандарды азғындағаны үшін айыпты деп тапты

АСТАНА, 4 нау — Sputnik. Сот 69 жастағы ер адамды бес жылға бас бостандығынан айыруға соттап, зардап шеккен қыздың ата-анасына моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Ақтау Лада. 

"Сотталушы ҚР  ҚК-нің 124-бабы 1-бөлімі (Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау) бойынша кінәлі деп танылып, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеумен  бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Сотталушы  сегіз жылға дейінгі мерзімге бала тәрбиесі мен оқыту мекемелерінде қызмет атқару құқығынан айырылды", — деп хабарлады басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінде. 

Сот шешіміне сәйкес, сотталушы жәбірленушінің отбасына моральдық зиян келтіргені үшін 500 мың теңге төлеуі тиіс. 

Оқиға өткен жылдың желтоқсан айында ауыл мектебінде орын алды. Мұғалім төртінші сынып оқушыларының бірінің телефонында мектеп автобусының 69 жастағы жүргізушісінен келген хабарламаны көріп қойған. Оқушының ата-анасы жүргізушіге шағым түсіреді.


Жаңалықтар
0