Оқиға

Мұздың астына түсіп кеткен баланың денесі 3 күннен кейін табылды

Жазылу
Баланың денесі ағыспен оқиға орнынан бір шақырым жерге ағып кеткен

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Семейде құтқарушылар мұз ойығына түсіп кеткен он жасар  ұл баланың денесін тапты, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Қайғылы оқиға 5 наурыз күні Семейдегі өзен тармағында орын алды. Екі бала ата-ана қарауынсыз мұзда ойнап жүрген. Ойынға беріліп кеткен біреуі мұз қабаты жұқа жерге қалай барып қалғанын байқамай қалған. Осыдан соң ол мұз астына кеткен. Екінші бала ересектерге көмекке жүгіріп кетеді. Алайда оны құтқарып алуға кеш болды.

Іздеу жұмыстары үш күнге жалғасты. Баланың денесі 8 наурыз, 14.42-де мұз астына түсіп кеткен жерден бір шақырым төмен ағып кеткен тұстан табылды. 


Жаңалықтар
0