Оқиға

BI Group тұрғын үй кешенінде болған төтенше жағдайды жоққа шығарды

© Photo : BI Group"Қамал-3" ТК
Қамал-3 ТК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желіде көрсетілген және таратылған оқиға штаттық жағдай болып табылады

АСТАНА, 26 нау — Sputnik. BI Group құрылыс компаниясының өкілі бұрын БАҚ-та және әлеуметтік желіде жарияланған салынып жатқан "Қамал-3" тұрғын кешенінің бетон конструкциясы құлады деген ақпаратты жоққа шығарды. 

 

Публикация от ASTANA|АСТАНА (@vastane.kz) Мар 22 2017 в 11:27 PDT

 

"Біздің сіресіп қалған құрылыс жұмыстарға әлеуметтік желілер мен БАҚ-та көп көңіл бөлінетініне таң қалып отырмын. Өйткені құрылыс кезеңдерін дұрыс түсіндірмеу, қоғамда жабын құлады деген секілді жағдайға қатысты "шу" шығарды. Бұл оқиғаны дәйексіз ақпарат тарату және компания беделін түсіру ретінде бағалауға болады", — деп атап өтті салынып жатқан жобаның жетекшісі Қайрат Қуанышпаев. 

Қамал ТК - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің жабыны құлады

Қуанышпаев болған оқиғаның мән-жайын айтып бері. 

"21 наурызда паркинг (7 мың шары метрге жуық) тұрғызу кезінде, ол тұрғын үйдің негізі емес, жапсарлас бөлігі, "Қамал-3" нысанында бетон конструкциясы емес, ағаш қалпы құлаған. Әрине бұл оқиға, процеске жауапты барлық қатаңдықпен жауап беретін болады. Ағаш қалып орнатылған жерден жылжып кеткен. Бұл уақытта бетон құйылып жатқандықтан, осы 100 шаршы метрді дұрыс құймау үшін үш секунд жеткілікті болған", — деді Қуанышпаев.  

Оның сөзіне қарағанда, қирау мүлдем болмаған, сол уақытта бетон құйылып жатқан учаскенің бөлігі ғана құлады,  оның себебі ағаш қалыптың жылжып кетуінде. Мұндай оқиғалар штаттық жағдай болып табылады, және ондай жағдай болып тұрады. 

Жоба жетекшісі қызығушылық танытқандарға қазіргі жағдаймен танысу үшін құрылыс алаңын келіп көруді ұсынды. 


Жаңалықтар
0