Газ

Ақтөбеде сұйық май шығаратын зауыттың бас инженері улы газға тұншығып өлді

14
Одан өзге де бес жұмысшы күкіртсутегіне уланып қалған

АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. Ақтөбеде сұйық май шығаратын зауыттың бас инженері улы газға тұншығып өлді, еп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Телеарнаның хабарлауынша, қазір кәсіпорын аумағына ешкімді аттап бастырмайды. Тек экологтар мен еңбек инспекторлары мұндағы ауаның қауіпсіздігін тексеріп жүр. Өйткені, таң атысымен қалдық жинайтын цехты тексеруге кірген зауыттың инженер-экологы Ислам Көпеков, табалдырықтан атаған бойда есінен танып құлапты. Уланған оның бетін ауруханада әрең бері қаратқан. Артынша құлап жатқан маманға көмекке келген бас инженер Валерий Сергулов та сол жерде талып қалады. Ол ауруханаға жетпей жан тапсырған. Тағы үш жұмысшы да күкірттісутекке тұншығыпты. Қайта, сүйретіліп сыртқа шығып үлгерген екен. Қазір комиссия улы газдың қайдан тарағанын тексеріп жатыр. 

"Уланған үш жұмысшының жағдайы жақсы. Олармен өзім зауытта кездестім. Ал осы оқиға бойынша комиссия құрылды. Онда тұтынушылар құқығын қорғау департаменті өкілдері де болады. Өйткені тараған удың көлемін, қайдан шыққанын анықтауымыз керек", — деді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Бауыржан Оразаев.


14
Полиция және жедел жәрдем көліктері, архивтегі сурет

Ақтөбеде әйел жол апатынан көз жұмды: полиция куәгерлерді іздеп жатыр

995
Тағы төрт адам, соның ішінде үш ересек және бір бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Ақтөбе қаласында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 40 жастағы жолаушы көз жұмды.

Қайғылы оқиға 18 маусым кешкі 19:20-да болды, деп хабарлайды облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

© Photo : Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Ақтөбедегі жол апаты

Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі ГМЗ айналма тас жолымен Заречный-3 ауылына апаратын жаңа көпірге қарай солға бұрылу кезінде ресейлік есептегі ВАЗ2107 көлігімен соқтығысты.

Тағы оқыңыз: Көліктің быт-шыты шыққан: Алматыда бір адам көз жұмды

Жол апаты салдарынан ВАЗ2107 маркалы автокөлікте отырған 40 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Үш ересек және бір бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Ақтөбе облысының полициясы жол апатын көрген куәгерлерден мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 93-64-04, 8-775-832-07-98, 8-705-970-80-48 немесе Ақтөбе облысы ПД АБ №404 кабинетіне баруға болады.

995
Кілт сөздер:
жол апаты, жолаушы әйел, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Рөлді жұлып кетті: Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті
Орал-Тасқала тасжолында жол апатынан полиция майоры көз жұмды
Батыс Қазақстанда жол апатынан кейін бірден бес адам жансақтау бөліміне түсті
Оралда мотоцикл мен көлік соқтығысты

Оралда мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысты екі жүргізуші де көз жұмды

130
Соққының қатты болғаны сонша, Passat-тың екі есігі ішке қарай кіріп кеткен. Қазіргі кезде жол-апатының мән-жайы анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Орал қаласының айналма тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оралда мотоцикл мен көлік соқтығысты
© Photo : БҚО полиция департаменті
Оралда мотоцикл мен көлік соқтығысты

Оқиға орнында түсірілген фотодан спорт мотоциклін мінген ер адамның жеңіл көліктің бүйіріне соғылғаны анық көрініп тұр. Соққының қатты болғаны сонша, Passat-тың екі есігі ішке қарай кіріп кеткен.

"18 маусым күні сағат 15:03-те Орал қаласының айналма жолында жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты. Екі жүргізуші де оқиға орнында қайтыс болды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде жол-апатының мән-жайы анықталып жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, мотоцикл жүргізушісі 31, ал Volkswagen Passat-тың иесі 62 жаста болған.  

130
Білім министрі Асхат Аймағамбетов

Бірыңғай кеңістік құрылады: білім министрлері Аймағамбетовтің идеясын қолдады

49
Орталық Азия елдері өңірлік ынтымақтастықты кеңейтіп, жоғары оқу орындарының ғылыми, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін біріктіреді

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Орталық Азия елдерінде жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігі құрылады. Мұндай шешім Түркістандағы Орталық Азия елдері білім министрлерінің қатысуымен өткен форумда қабылданды, деп хабарлайды білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан білім министрлері, сондай-ақ Орталық Азия елдеріндегі білім министрліктерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, ректорлар және тағы басқалары қатысты.

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары білім беру саласында Орталық Азия кеңістігін құруды ұсынды. Шетелдік әріптестері оның бастамасына қолдау білдірген. Форум қорытындысы бойынша Түркістан декларациясы қабылданды.

"Жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру бүгінгі таңда объективті қажеттілік болып отыр. Жыл сайын танылатын білім туралы құжаттардың жалпы санының 70%-ке жуығы –  Орталық Азия жоғары оқу орындарының құжаттары. Бүгінде Орталық Азия елдерінің 20 мыңға жуық азаматы Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді", - деді Аймағамбетов.

Тағы оқыңыз: 2021 жылы магистратура және докторантураға түсу ережелері қандай

Министр бірыңғай кеңістік аясында Еуропадағы сияқты біліктілікті танудың жеңілдетілген процедурасы мәселесін қарастыруға болатынын айтты.

Түркістан декларациясына сәйкес, енді Орталық Азия мемлекеттері өңірлік ынтымақтастықты кеңейтіп, бүкіл Орталық Азия жоғары оқу орындарының ғылыми, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін біріктіреді.

Сондай-ақ тараптар студенттермен алмасу үшін білім бағдарламаларының, бірлескен ғылыми жобалардың санын ұлғайтуға және ОА елдерінің көшбасшы студенттері арасында өзара байланыс орнатуға, тәжірибе алмасу және жұмыс бағыттарын талқылау үшін ОА елдерінің жоғары оқу орындары ректорларының форумдарын өткізуге келісті. 

Орталық Азия кеңістігіне қатысушы елдердің ынтымақтастығы Болон процесі қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Сондай-ақ жоғары білім саласындағы Орталық Азия кеңістігі жанынан білім министрліктері арасындағы жұмысты үйлестіру, жоғары білімнің тартымдылығын арттыру және бәсекеге қабілеттілікті күшейту үшін хатшылық құрылады.

Түркістан декларациясы ынтымақтастықтың келесі бағыттарын көздейді:

  • ОА елдері жоғары оқу орындарының альянсын қалыптастыру;
  • ОА елдерінің білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аккредиттеу кеңесін құру;
  • ОА елдері студенттерінің альянсын құру;
  • Біліктілікті және білім туралы құжаттарды тану жөніндегі ұйымдар қауымдастығын құру.
49
Кілт сөздер:
Орталық Азия, жоғары білім алу, Асхат Аймағамбетов
Тақырып бойынша
Қыркүйектен бастап студенттер 31 мың теңге алады
"Әділдік үшін өзгертіп жатырмыз": Аймағамбетов биылғы жаңашылдықтар туралы айтты
"Бұл - өте маңызды мәселе": Аймағамбетов жаңа бұйрыққа қол қоятынын айтты
Аймағамбетов қазақстандық мұғалімдерге хат жазды