Оқиға

"Номад" тұрғын кешеніндегі барда терезелер мен есік қирап, 8 адам эвакуацияланды

© Photo : предоставлено очевидцем"Номад" тұрығын кешеніндегі барда терезелер мен есік қирады
Номад тұрығын кешеніндегі барда терезелер мен есік қирады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көзбен көрушілер дүйсенбіде өрт шыққан "Номад" тұрғын кешеніндегі қираулар туралы хабарлады, алайда құтқарушылардың әзірге толық ақпараты жоқ

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. "Номад" тұрғын үй кешеніндегі елордалық барлардың бірінде қираулар болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиға куәгерлері. 

Көппәтерлі үйде өрт болған кезде терезелер мен шыны есік қирады. "Мен ол сәтте кіріп бара жатқанмын (барға — ескер). Кіргенім сол. Төбеден үлкен бір нәрсе құлап жарылды. Терезелер қирады. Маған сынықтары тиді. Жапсырылған кафель мен цементтен жауын жауғандай болды", — деді  оқиғаны көзбен көруші. 

Оның сөзіне қарағанда, өрт сөндірушілер ғимараттан сегіз адамды қауіпсіз жерге шығарды. Алайда ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов олардың қызметтеріне мұндай ақпараттың түспегенін айтты. "Растай да алмаймын, жоққа да шығармаймын. Бізге бар бойынша ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ", — деді Sputnik Қазақстанға Иманқұлов. 

Қазіргі уақытта барда мекеме қызметкерлері ғана қалды. Дүйсенбіде "Номад" ТК өрт болып, 8-9 қабатта қаптамасы өртенді. Өрт сағат кешкі ондарда жойылды. 


Жаңалықтар
0