Оқиға

Қазақтың халық әртісі Жаманқұловқа үкім шықты

© Sputnik / Данияр Дауталиев"Феникс" түсірілім тобының мүшелеріне шығарылған үкім жарияланды
Феникс түсірілім тобының мүшелеріне шығарылған үкім жарияланды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Феникс" фильмінің продюсері Тұңғышбай Жамақұловқа 69 миллион теңге жымқырды деген айып тағылды

АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Алматының №2 Медеу аудандық сотында "Феникс" фильмініне бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды және жымқыруға көмектесті деген айып тағылған түсірілім тобының мүшелеріне шығарылған үкім жарияланды.

Талғат Жәнібеков пен Гаухар Искакова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Феникс" фильміне қатысты іс: сотталушылар бас бостандығынан айырмауды сұрады

Істің басты фигуранттары — танымал актер және продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов, фильм режиссері Талғат Жәнібеков, "Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы бойынша атқарушы директоры Гауһар Искакова.

Оларға бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иеленді және талан таражға салды деген айып тағылды. 

Сот Тұңғышбай Жаманқұловты айыпты деп танып, 7 жылға шартты түрде соттады. Рақымшылық туралы заңғай байланысты, Жаманқұловтың жаза мерзімі екі есе – 3,5 жылға дейін қысқартылды. Сонымен қатар сот, Жаманқұловтан мәдениет және спорт министрлігінің пайдасына 3,4 миллион теңге өндіруге қаулы етті. 

Талғад Жәнібеков 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі. Сот оны сот залынан босатып, мәдениет және спорт министрлігінің пайдасына 3,4 миллион теңгеден астам сома өндіруге қаулы етті. 

Гауһар Ысқақова бір жылға шартты түрде сотталды. Ол сот залында қамаудан босатылды.  

 

Жаңалықтар
0