Оқиға

Астанада полицей Қытай қонағы жоғалтқан алтын білезікті тауып алды

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуалтын білезік
алтын білезік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана полицейлері шетелдік қонақтарға кезекті рет көмек көрсетті

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Елордалық полицейлер Қытай азаматшасы сауда ойын-сауық орталығында жоғалтып алған қымбат зергерлік бұйымын тауып, қайтарып берді, деп хабарлайды Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

ақша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкент тұрғыны тауып алған 2 млн теңгені иесіне қайтарды

Ведомствода атап өткендей, 25 маусымда шамамен сағат 13.00-де полицей ойын-сауық орталығының аумағында чек көрсетілген қымбат әшекей бұйымдар мен сертификат тауып алған. Полицейлер жүргізген жедел іздестіру жұмыстары барысында қымбат бұйымның иесі табылды. Ол Қытай Халық Республикасының азаматшасы болып шықты. Ол қымбат әшекейлерін таңғы уақытта MEGA Silk Way орталығында сатып алып, өзінің мұқиятсыздығынан жоғалып алған. 

Қажетті процессуалдық шешімдер жүргізілген соң қымбат бұйымдар иесіне қайтарылып, азаматша полицейлерге шексіз алғысын білдірді. 

Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 көрмесі өтіп, оған көптеп шетелдік қонақтар келіп жатыр. 


Жаңалықтар
0