Оқиға

Ақмола облысының тұрғынына найзағай түсіп көз жұмды

CC0 / / найзағай
найзағай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам мал бағып жүрген кезде найзағай түсті

АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Ақмола облысы Жалтыр ауылында жергілікті тұрғынға найзағай түсіп көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарында. 

жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Еліміздің басым бөлігінде сенбіде жаңбыр жауып, найзағай болады деп күтіледі

Астрахан аудандық ішкі істер бөліміне 3 тамыз күні ер адамнан телефон шалып, Жалтыр аулының маңында 1955 жылы туған жергілікті тұрғынның көз жұмғанын хабарлады. 

«Жергілікті тұрғын мал бағып жүрген, сол күні кешке сағат 20-лар шамасында ол атқа мініп, елді мекенге қарай сиыр, қой айдап келе жатқан кезде, үсіне найзағай түседі. Салдарынан оқиға орнында малшы мен астындағы аты мерт болды», — деді Астрахан АІІБ. 


Жаңалықтар
0