Оқиға

Алматыда шақыруға асыққан өрт сөндіруші көлік аударылып қалды

© Photo : Предоставлено очевидцамиӨрт сөндіруші көлік аударылды
Өрт сөндіруші көлік аударылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрттен және жол апаты салдарынан қатты зардап шеккендер жоқ

АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Алматыдағы көше қиылысында өрт сөндіруші көлік жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылып қалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға оқиға куәгерлері. 

Өрт сөндіруге кетіп бара жатқан көліктердің бірі Қонаев пен Гоголь көшесінің қиылысында жол апатына ұшырады. Өрт сөндіруші көлік Қонаев көшесімен солтүстікке қарай бағыт алған. Көлік жол қиылысынан өтер кезде оны БМВ көлігі келіп қаққан. Жеңіл көлік бағдаршамның жасыл белгісіне Гоголь көшесінен шығысқа қарай бұрылып, жатқан, алайда ол арнайы белгісі бар көлікке жол бермей жол ережесін бұзды. Осы оқиғаның салдарынан өрт сөндіруші көлік аударылып қалды. 

Жол апаты салдарынан BMW жүргізушісі зардап шекті, алайда ауруханаға барудан бас тартты. 

Өртте алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ. 


Жаңалықтар
0