Оқиға

Алакөл маңында джип аударылып, екі адам қаза тапты

© Sputnik / Болат Шайхиновжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысындағы тас жолда жол талғамайтын көлік аударылып, екі адам қаза болды

АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Алакөл көлінің маңындағы  тас жолда жол талғамайтын көліктің аударылып қалуы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы біреуі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз  қызметі. 

жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Абайда балалар мейрамын атап өтіп жатқан кафеге джип кіріп кетті

Апат 20 тамызға қараған түні Үшарал — Достық тас жолының 43-ші шақырымында орын алды. Онда жол талғамайтын Toyota Land Cruiser Prado көлігі аударылды. 

Жол апаты салдарынан жол талғамайтын көліктің салонында болған екі ер адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы екі аяғы сынып, Алакөл аудандық ауруханасына жатқызылды. 

Жол апаты дерегі бойынша тергеу басталды. 


Жаңалықтар
0