Оқиға

Астана әкімдігі: лифт техникалық ақауларға байланысты тоқтаған

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуЛифт
Лифт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалалық билік көпқабатты үйдің лифтерінің жағдайын тексерді

АСТАНА, 10 қыркүйек — Sputnik. Қалалық әкімдіктің сайты, тұрғын үй кешеніндегі лифттің тоқтауы техникалық себептерге байланысты орын алды, деп хабарлайды. 

 "18 және 16 қабаттың тұрғындары, лифт 16-қабатқа тоқтаған соң екі қабат бойына жылдам қозғалған. Біршама уақыт өткен соң, есік өздігінен ашылып, тұрғындар лифттен шыққан. Оқиға барысында зардап шеккендер жоқ", — деп жазады сайт. 

Лифт. - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада көпқабатты үйдің лифті үзіліп кетті

Оқиға орнына қалалық әкімнің көмекшісі, тұрғын үй инспекциясының және аудан әкімшілінің өкілдері, полиция қызметкерлері келген. 

Лифттер қалыпты жұмыс жасап тұрған. Техникалық жағдайын тексерген соң, шұғыл жағдай барысында лифттердің апаттық датчиктері уақытында іске қосылған. Жылдам қозғалыс лифт механизіміне бөтен заттың тұрып қалуы салдарынан орын алған.

 

Жаңалықтар
0