Оқиға

Алматыда көлік пен мотоцикл соқтығысып, байкер жарақат алды

© SputnikАлматыда көлік пен мотоцикл соқтығысты
Алматыда көлік пен мотоцикл соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мотоцикл көлікке соғылып, аударылып түскен

АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Жол апаты Жандосов көшесі бойында Алтынсарин көшесіне жетпей орын алған. DAEWOO Nexia  жүргізушісінің айтуынша, ол Жандосов көшесі бойымен батыс бағытта келе жатқан, сол кезде алдынан мотоциклші атып шығыпты.

© SputnikАлматыда көлік пен мотоцикл соқтығысты
Алматыда көлік пен мотоцикл соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Алматыда көлік пен мотоцикл соқтығысты

Жүргізушінің сөзіне сүйенсек, мотоциклші қарсы беттік қозғалыс жолағымен жүріп, кептелістен өтіп кетпек болыпты, сөйтіп бар жылдамдықпен  Nexia көлігінің астына түскен.

Байкер әртүрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Алматы полициясы болған оқиғаны тергейді.


Жаңалықтар
0