Оқиға

Қостанай облысындағы орман өрті ауыздықталды

© Photo : КЧС МВД РКҚостанай облысындағы өрт
Қостанай облысындағы өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала мәліметтерге сәйкес өрттің көлемі 40 гектарды құрайды

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Қостанай облысындағы орманда орын алған өрттің салдарынан эвакуиацияланған тұрғандар өз үйлеріне оралды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов.

"20 қыркүйек күні сағат 17.11 кезінде орман шаруашылығы қызметкерлерінен сағат 16.35 шамасында Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында Обаған орман шаруашылығы территориясындағы "Ұзынкөл орман шаруашылығы мекемесінің" қылқан жапырақты ағаштар аумағында өрттің тұтануы болды", — деді Иманқұлов.

Өрт - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада белгілі дәмханада өрт шығып, 40 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Жергілікті атқару органдары өрт ошағынан жеті шақырым жерде орналасқан Березово ауылынан 15 адамды эвакуациялап, Тасоған ауылының орта мектебіне орналастырды. 

Өрт сағат 21.05 кезінде ауыздықталды. Алдын ала болжам бойынша өрттің аумағы 40 гектар. 

Өртті сөндіру кезінде Қостанай облысы Өрт сөндіру қызметі мен орман шаруашылығының қызметкерлері ат салысты. Барлығы 40 шақты адам мен 15 дана арнайы техника жұмылдырылды. 


 


Жаңалықтар
0