Гильза, архивтегі фото

Ақмола облысында бұзақылар автокөлікке оқ жаудырып, адамдарды жарақаттады

59
(Жаңартылды 09:07 15.11.2017)
Күдіктілер Талапкер елді мекені мен Астана қаласынан ұсталды

АСТАНА, 14 қараша  – Sputnik. Ақмола облысында бұзақылар автокөлікке оқ жаудырып, екі адамды жарақаттады, күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

Оқиға 30 қазан күні сағат 18:00 шамасында Жарқайың ауданының Пригородное ауылында болған. Белгісіз біреулер Mitsubishi Galant көлігіндегі бес жергілікті тұрғынға бірнеше рет оқ атқан.  

Шабуыл салдарынан 1977 және 1982 жылы туған екі адам жарақат алады. Бұзақылар белгісіз бағытта ізін суытқан.  

Күндіз зардап шегушілер мен күдіктілер арасында жанжал болғаны анықталды.  

Жедел іздестіру шаралар барысында қаскүнемдердің бірі Талапкер елді мекенінен, екіншісі Астанадан ұсталды. 30 және 31 жылы туған ер адамдар кінәсін мойындап отыр. Айтуларынша, оқ атылған қаруды өзенге тастап жіберген.  

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар абақтыға қамалды, сараптамалар тағайындалды.   


59
Полиция және жедел жәрдем көліктері, архивтегі сурет

Ақтөбеде әйел жол апатынан көз жұмды: полиция куәгерлерді іздеп жатыр

1357
Тағы төрт адам, соның ішінде үш ересек және бір бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Ақтөбе қаласында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 40 жастағы жолаушы көз жұмды.

Қайғылы оқиға 18 маусым кешкі 19:20-да болды, деп хабарлайды облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

© Photo : Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Ақтөбедегі жол апаты

Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі ГМЗ айналма тас жолымен Заречный-3 ауылына апаратын жаңа көпірге қарай солға бұрылу кезінде ресейлік есептегі ВАЗ2107 көлігімен соқтығысты.

Тағы оқыңыз: Көліктің быт-шыты шыққан: Алматыда бір адам көз жұмды

Жол апаты салдарынан ВАЗ2107 маркалы автокөлікте отырған 40 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Үш ересек және бір бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Ақтөбе облысының полициясы жол апатын көрген куәгерлерден мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 93-64-04, 8-775-832-07-98, 8-705-970-80-48 немесе Ақтөбе облысы ПД АБ №404 кабинетіне баруға болады.

1357
Кілт сөздер:
жол апаты, жолаушы әйел, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Рөлді жұлып кетті: Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті
Орал-Тасқала тасжолында жол апатынан полиция майоры көз жұмды
Батыс Қазақстанда жол апатынан кейін бірден бес адам жансақтау бөліміне түсті
Оралда мотоцикл мен көлік соқтығысты

Оралда мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысты екі жүргізуші де көз жұмды

137
Соққының қатты болғаны сонша, Passat-тың екі есігі ішке қарай кіріп кеткен. Қазіргі кезде жол-апатының мән-жайы анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Орал қаласының айналма тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оралда мотоцикл мен көлік соқтығысты
© Photo : БҚО полиция департаменті
Оралда мотоцикл мен көлік соқтығысты

Оқиға орнында түсірілген фотодан спорт мотоциклін мінген ер адамның жеңіл көліктің бүйіріне соғылғаны анық көрініп тұр. Соққының қатты болғаны сонша, Passat-тың екі есігі ішке қарай кіріп кеткен.

"18 маусым күні сағат 15:03-те Орал қаласының айналма жолында жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты. Екі жүргізуші де оқиға орнында қайтыс болды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде жол-апатының мән-жайы анықталып жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, мотоцикл жүргізушісі 31, ал Volkswagen Passat-тың иесі 62 жаста болған.  

137
Лифт, иллюстративті фото

Нұр-Сұлтан полицейлері лифт ішінде түсірілген видеоның кейіпкерін тапты

0
(Жаңартылды 16:19 19.06.2021)
Сот лифт экранын сындырған бұзақыға 14,5 мың теңге көлемінде айыппұл салды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Полицейлер Нұр-Сұлтан тұрғын үй кешендерінің бірінде мониторды сындырған адамды тапты.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның лифт кабинасындағы мониторды сындырып тастағаны жайлы видео жарияланған болатын.

Полицейлер бұзақыны тапты – ол 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тәртіп бұзушының кім екені бейнекамералар арқылы анықталды.

Елорда тұрғыны жұдырығының күшін "тексеріп" көрген кезде мас болған.

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамға қатысты Әкімшілік кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалған. Сот тәртіп бұзушыға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 14 585 теңге (35 долларға жуық) айыппұл салды.

Нұр-Сұлтанда лифтіде дәрет сындырған әйелдің кім екені белгілі болды

Тәртіп сақшылары тұрғындарды ортақ үй мүлкіне ұқыпты қарауға шақырып, қоғамдық тәртіпті бұзғандар жазаланатынын еске салды.  

0