Оқиға

Астанада жас жігіт жұрттың көзінше өзін өлтірмек болды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтужедел жәрдем көлігі
жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғамдық жерде өзін өлтірмек болған жігітті полицейлер құтқарып қалды

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Астанада жас жігіт "Ailand" отбасылық демалыс орталығының жанында суицид жасамақ болды, деп хабарлайды елорданың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Қыз баспалдақта ұялы телефон ұстап отыр - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әлеуметтік желіден өзі жайлы видеоны көрген 10 жасар қыз суицид жасады

Оқиға сейсенбі сағат 17 шамасында болды. Жұрттың көзінше өз-өзіне қол салмақ болған жігіт ешқандай талап қоймаған. Оқиға орнына полиция жасағы мен жедел жәрдем келіп жетті. 

"Жігіттің үстіндегі жанған киімі бірден сөндірілді. Аталған оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның неге суицид жасамақ болғаны анықталуда", — деп хабарлады полиция. 

Қолы мен мойны күйіп қалған ер адам ауруханаға жеткізілді. 


Жаңалықтар
0