Автобус

Тұрғымбаев: автобустың өртенуіне екі жайт себеп болды

1620
(Жаңартылды 10:43 20.01.2018)
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев 52 адамның өмірін қиған автобустағы өрттің қалай шыққанын айтып берді
Тургумбаев назвал предварительные причины возгорания автобуса

"Өрт шыққан кезде әуелі өткір иісті түтін тарап, жолаушылардың көпшілігіне иіс тиіп қалған. Адамдардың басым көпшілігі қаза табуына осы себеп болған шығар. Екіншіден, есік ашылған кезде, ішке оттегі кіріп, автобустың іші лап етіп жана бастайды, сол себепті ешкім сыртқа шыға алмаған болса керек", – дейді Тұрғымбаев.

Сонымен бірге, министр орынбасарының айтуынша, автобус ішінде жүк көп болған екен. Әрі жолаушылар екі қабатты автобустың жоғарғы қабатында отырыпты. Яғни, жүк түгелдей лапылдап жанып, жойқын өрт ешкімнің сыртқа шығуына мүмкіндік бермеген көрінеді.

Бейсенбі 18 қаңтарда сағат 10.30 кезінде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан он шақырым жерде жолаушылар автобусы жүріп келе жатып, өртеніп кетті. Автобуста 57 адам болған. Оқиға орнында 52 адам – Өзбектсан азаматтары қаза тапты.

1620
Кілт сөздер:
Ақтөбе, Ерлан Тұрғымбаев, автобустың өртенуі
Тақырып:
Ақтөбеде жолаушылар автобусы өртенді (14)
Зират маңындағы үйлер

Ақтауда жерлеуден 3 сағат өткен соң марқұмның денесін қабірден қазып алды

7492
(Жаңартылды 17:14 28.09.2021)
Осы уақытқа дейін ол бірнеше рет прокуратураға арыз жазған. Ал Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі іс бойынша нақты ақпарат алу үшін арнайы сұранысхат жіберу қажет екенін жеткізді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Ақтау тұрғыны немере ағасының мәйіті заңсыз эксгумацияланғанын айтты. Оның сөзінше, салттық қызмет көрсететін агенттік қызметкері марқұм болған ағасының қабірін қазып, денесін басқа зиратқа жерлеген. Енді Юрий Коновалов кінәлілер жауапкершіліктен құтылып кетеді деп қорқып отыр.

Бұл туралы жергілікті "Лада" басылымы жазды.

Келеңсіз жағдай 2020 жылдың 15 шілдесінде болған. Сол күні Юрий Коновалов немере ағасы Олег Романовты оның анасы Тамара Романованың бейітінің жанына жерлеген.

"Немере ағамның қайтыс болғанын оның отбасына, Бакуде тұратын ұлдарға хабарладым. Олардан жерлеу құқығы туралы нотариус растаған құжат алғаннан кейін жерлеуді ұйымдастыра бастадым. Марқұмды жерлеу үшін екі қалалық агенттікке жүгіндім. Сол аралықта Мәскеуде тұратын әпкем Ирина Хасанова немере ағам үшін жерлеу орнын қаладан тыс жерде орналасқан жаңа зиратта дайындап қойғанын білдім. Әрине, мен бұған келіспедім, себебі ұлы қалалық зираттағы анасының жанында жерленуі керек", - дейді ол.

Айтуынша, өзі әпкесімен жеті жылдан бері араласпайды. Ал оның немере ағасына арнап зират дайындағаны ақтаулықты таңғалдырған. Содан кейін қабір қазу бойынша бригада жалдаған.

"Мәйітханада марқұмның жерлеуге ресми құжат алғаннан кейін, сол бригадамен бірге зиратқа келдім. Осылайша 2020 жылдың 15 шілдесінде жерледік. Содан үш сағат өткен соң зират директоры маған хабарласып, ағамның қабірі қайта қазылғанын айтты. Осы жерге келген соң жерлеу орнына төселген тас жоқ екенін, ал қабір үсті құмға толғанын көрдім. Сол жерден кетпей тұрғанымда зират қызметкері не болғанын айтты. Ол жерлеу агенттігінің қызметкерлері марқұмның денесін алып, зираттан тыс жерге шығарғанын жеткізді", - дейді Юрий Коновалов.

Ер адам бірден Ақтау прокуратурасына арыз жазған. Мәйітті заңсыз эксгумациялау фактісі бойынша қылмыстық кодексінің 314-бабының 1-бөлігі ("өлген адамның мәйітін және олар жерленген орындарын қорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Содан кейін қылмыс дерегі бойынша қажетті тергеу жүргізілген.

Коновалов тергеу барысында салттық қызмет көрсететін агенттік директорының нұсқауы бойынша Романовтың бейіті қазылып, мәйіті Ақтау маңында орналасқан зиратқа қайта жерленгені анықталғанын айтты.

"Мені шатастыру мақсатында ағамды бірінші жерлеген жерге агенттік директорының нұсқауы бойынша крест орнатылған. Осылайша қайтыс болған адамның денесі осы жерде деп көрсеткісі келген. Салттық қызмет көрсететін агенттік директорының іс-әрекеттері ешқандай логика мен моральдық ережеге сай емес. Оның не себепті осылай істегенін әлі күнге дейін түсінбедім", - дейді ол.

Енді Юрий Коновалов күдіктілер жауапкершіліктен құтылып кетеді деп қорқып отыр.

"Содан бері бір жыл өтті, іс орнынан қозғалған жоқ. Істің сыбайлас жемқорлыққа байланысты тоқтап тұрғанына сенімдімін. Қылмысқа қатысы бар адамдар анықталды, куәгер бар. Бірақ іс бір жылдан астам уақыт бойы сотқа тапсырылмады. Тергеу бір орнында тұр, тіпті істі жапқысы келеді", - деп жанайқайын жеткізді ер адам.

Айтуынша, осы уақытқа дейін ол бірнеше рет прокуратураға арыз жазған. Ал Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі іс бойынша нақты ақпарат алу үшін арнайы сұранысхат жіберу қажет екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз: 

7492
Кілт сөздер:
зират, Ақтау
Тақырып бойынша
Зират басына барған шымкенттіктер жаға ұстарлық жағдайға тап болды – видео
Солтүстік Қазақстанда оқушы-вандалдар зират ескерткіштерін қиратты
Құлпытаста QR-код болады: мүфтият зират көтеру мәдениетін бір жүйеге келтірмек - видео
Зиратта арнайы жерлер бөлінді – кімдер жерленеді
Індеттен көз жұмғандар жерленген зиратта 32 қабір бар – әкімдік жағдайды түсіндірді
шатыр, архив сурет

Павлодарда балалар жаттығатын ғимараттың төбесі опырылып ортасына түсті - видео

552
(Жаңартылды 18:27 28.09.2021)
Желіде пайда болған видео астына тұрғындар "балаларды құдай сақтаған", "ол жерде жуықта жөндеу жасалып еді ғой" деген пікірлер жазып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда "Батыр" спорт мектебінің шатыры құлады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Төтенше жағдай бүгін сағат 10:05-те болған.

Шатыры опырылып түскен ғимараттың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

Видео астына тұрғындар "балаларды құдай сақтаған", "ол жерде жуықта жөндеу жасалып еді ғой" деген пікірлер жазып жатыр.

Өңірлік туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтың айтуынша, Катаев көшесінде орналасқан "Батыр" бокс залының шатыры құлап түскен.

"Зардап шеккендер жоқ. Залда ешкім болған жоқ. Таңертең жаттығу болды, шатырдың құлағанын естіген сәтте балалар жедел эвакуацияланды", - деді ол.

Мектепте директор мен вахтер болған. Екі плитаның құлағаны белгілі. Оның не себепті құлағанын анықтау бойынша комиссия құрылды.

Ғимарат 1984 жылы пайдалануға берілген.

Қазір ғимаратты полиция қоршап, анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: 

552
Кілт сөздер:
шатыр, мектеп, Павлодар облысы
Тақырып бойынша
Есік-терезе сынып, шатыр құлады: әскери бөлімдегі жарылыстан бүлінген нысандар – фото
Астанада дүкенге шатыр арқылы түскен ұры бақылау камерасына түсіп қалды
Қатты боран салдарынан Хан Шатыр сауда орталығына зиян келді
Шатыр ұшып, көлікті басып қалды: дүлей дауыл шымкенттіктердің дегбірін қашырды – видео
Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Есеп комитетінің басшысы 2022 жылы шығындарды төрттен бірге қысқартуды ұсынды

0
Келесі жылдың бюджет жобасында басым бағыттар бойынша 1,2 триллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Мемлекет басшысына 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Наталья Годунованың мәліметіне сәйкес 9 басым бағыт бойынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Есеп комитеті жұмсалатын 1,16 триллион теңгені, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынды. Бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілік айтылды. Тиісті органдарға оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар Есеп комитетінің төрағасы жекелеген аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:

0