Оқиға

Балқаш маңындағы жолда дәретхана қағазы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

© Sputnik / Анатолий Устиненкоөрт
өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт туралы хабарлама түннің бір уағында келіп түскен

АСТАНА, 11 ақпан — Sputnik. Балқаш маңынан қырық шақырым жерде 7,5 тонна дәретхана қағазы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті. Ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар департаменті растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Өртті сөндіруге екі көлік, сегіз адам жұмылдырылды. Сағат 22.41-де хабарлама келіп түсті, ал түнгі 01.34-те өрт ауыздықталды", — деп хабарлады Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова. 

Оның айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр. 

Жаңалықтар
0