Балықшы

Бұқтырма қоймасында балықшылар мінген көлік су астына түсіп кетті

98
(Жаңартылды 20:55 19.02.2018)
Шығыс Қазақстанда Бұқтырма су қоймасында көліктің суға кетуіне не себеп болғаны анықталды

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Бұқтырма су қоймасына балық аулауға шыққан ер адамдардың көлігі мұз астына түсіп кетіп, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар бойынша департаменті баспасөз қызметі.

Сенбі күні құтқарушыларға түскен хабар бойынша, Алғабас ауылынан төрт шақырымдай жердегі су қоймасында Nissan Almera көлігі мұз астына түсіп кеткен. Құтқарушыларға қоңырау шалған ер адамдар көлік ішінде жолдасының қалып қойғанын жеткізген. 

Үш ер адам Өскеменнен балық аулауға барған екен. Төңірек пен су қоймасын толық зерттемеген балықшылар көлікпен қамыс жаққа қарай беттейді.

"Жергілікті тұрғындар бұл жерде су асты бұлақтары ағып жататынын, мұздың жұқа екенін жақсы біледі. Жолды қар басып қалғандықтан, ер адамдар оны байқамай жүре берген. Мұз сынып, көлік су астына кетіпті",  — делінген хабарламада.

52 жастағы екі жолаушы су ішінде көліктен шығып үлгеріпті. Ал 68 жастағы жүргізуші шыға алмаған көрінеді.

  • Бұқтырма қоймасында сүңгуірлер суға кеткен ер адамның денесін іздеп жатыр
    Бұқтырма қоймасында сүңгуірлер суға кеткен ер адамның денесін іздеп жатыр
    © Photo : Департамент по ЧС ВКО
  • Бұқтырма қоймасында сүңгуірлер суға кеткен ер адамның денесін іздеп жатыр
    Бұқтырма қоймасында сүңгуірлер суға кеткен ер адамның денесін іздеп жатыр
    © Photo : Департамент по ЧС ВКО
1 / 2
© Photo : Департамент по ЧС ВКО
Бұқтырма қоймасында сүңгуірлер суға кеткен ер адамның денесін іздеп жатыр

Зардап шеккендер құтқару қызметіне өздері хабарласқан. Күн кешкіріп кеткендіктен, жүргізушіні іздеу келесі күнге қалдырылды. Құтқарушылар екі адамды Күршім ауылына жеткізген.

Келесі күні таңертең сүңгуірлер үш метр тереңдіктен жүргізушінің денесін алып шықты.

98
Кілт сөздер:
қайғылы оқиға, мұз, төтенше жағдай, Бұқтырма, Шығыс Қазақстан
Апатқа ұшыраған жедел жәрдем көлігі мен өрт сөндіру машинасы

Шымкентте жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: дәрігерлер әріптестерінің жағдайын айтты

55
Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлерге сау-тамтығы қалмаған жеңіл көліктен шыққан өртті сөндіруге тура келген

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Шымкент көшелерінің бірінде қос көліктің соқтығысуы салдарынан жедел жәрдемнің екі фельдшерінен бөлек тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Әріптестері санитар дәрігерлердің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Зардап шеккендердің барлығы қажетті көмек көрсету үшін жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Жол апаты сәрсенбі күні таңертең Бәйтереков көшесінде болды, деп хабарлайды жергілікті otyrar.kz порталы.

Куәгерлердің айтуынша, көліктердің бірі қарсы жолаққа шығып кеткен болуы мүмкін. Өйткені, Toyota Camry жедел жәрдем көлігінің артынан жоғары жылдамдықпен келе жатқан.

Соққының қатты болғаны соншалық, жедел жәрдем көлігі жол жиегіндегі арықтан өтіп барып, тротуарға тоқтаған. Ал Toyota көлігі бірнеше рет аударылғанда, оның жүргізушісі салоннан ұшып кеткен.

Сау-тамтығы қалмаған жеңіл көлікте өрт шыққан. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер өрт сөндіргіш құралдары арқылы тілсіз жауды сөндірген.

Оқи отырыңыз: Ер адам жантүршігерлік жол апатынан таңғажайып жағдайда аман қалды – видео

Қазіргі кезде тергеп, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қос көліктің жүргізушісі алкоголь немесе басқа тыйым салынған заттар бойынша медициналық тексерістен өтіп жатыр.

55
Кілт сөздер:
жедел жәрдем, Шымкент, жол апаты
Тақырып бойынша
Дәрігерлер трактордың астына түскен қызды аман алып қалды
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды – видео 
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты бес адамның өмірін қиды
Басына оқ тиген Алматы тұрғыны аман қалды
Олег Ганя

Педофил құрбанына айналған қыздың ағасы Қостанайдан табылды

77
Полицейлердің мәлімдеуінше, ол осы кезге дейін достарымен бірге болған. Қазіргі кезде оның жағдайы бір қалыпты, дансаулығы да жақсы

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Қостанай облысында хабар-ошарсыз кетіп, бірнеше күннен бері іздеуде болған Бағаналы ауылының 20 жастағы тұрғыны Олег Ганя табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірнеше күннен бері іздестіріліп жатқан Олег Ганяны қала орталығынан, вокзал маңындағы аялдамадан тапты. Ол осы кезге дейін достарымен бірге болған. Оның жағдайы бір қалыпты, дансаулығы да жақсы", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін педофил қолынан қаза тапқан 7 жасар Виктория Ганяның ағасы жоғалып кеткені хабарланған болатын. Оны іздеуге 60-қа жуық ерікті мен құқық қорғау органдарының өкілдері жұмылдырылған.

Еріктілер Олег Ганяны 2014 жылы кісі қолынан қаза тапқан Виктория Ганяның үлкен ағасы екенін мәлімдеген.

Педофил құрбанына айналған бүлдіршін

Виктория Ганя 2014 жылдың 24 сәуірінде жоғалып кетті. Сол күні онымен бірге ойнаған балалардың айтуынша, оны бейтаныс адам белгісіз бағытқа алып кеткен.

Баланы іздеу бір айға жуық уақытқа созылды. Жеті жастағы Викторияның денесін еріктілер Рудный–Тобыл тас жолы бойындағы қараусыз қалған гараж ғимаратынан тапты.

ДНҚ сараптамасы арқылы қылмыскердің жеке басы анықталды.

Құқық қорғаушылар күдікті Лесниковты ідестіре бастағанда оның түрмеде отырғанын анықтаған. Сөйтсе, ол бұған дейін мерзімінен бұрын бостандыққа шыққанымен, тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспектордың тіркеуіне бармай қойған. Сол үшін оған түрмеге қайта отырғызу жазасы қарастырылып, 2014 жылы 29 сәуірде қамады. Ал Виктория Ганя ол қамалардан бес күн бұрын жоғалған.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда 13 жастағы қыз жоғалды: полиция жауап алған ер адам өз-өзіне қол жұмсады

Тергеу нәтижелері бойынша Денис Лесниковтың Виктория Ганяны өлтіргені толық дәлелденіп, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

77
Кілт сөздер:
табылды, іздеу шаралары, Қостанай облысы
Тақырып бойынша
Павлодарда Volkswagen Passat көлігіне отырған бойжеткен ізім-ғайым жоғалды
Атырауда үйдің ауласындағы әжетханаға кеткен қыз із-түзсіз жоғалды
Шымкентте жас ана мен омыраудағы сәбиі жазатайым оқиғаның құрбаны болды
Әйел мен оның екі баласы ежелгі әдет-ғұрыптың құрбаны болды
Қайрат Нұртас алаяқтардың құрбаны болды
Архивтегі фото

Атырауда бес жыл бұрын сотталған әйел түрмеге қамалды

125
Сот жеңгетайлықпен айналысқан әйелдің кішкентай балалары бар екенін ескеріп, жаза өтеу мерзімін бес жылға кейінге қалдырған

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Атырауда жеңгетайлық қызмет ұсынып, притон ұстаған әйел түрмеге қамалды. Әйелге қатысты сот үкімі 2015 жылы шыққан, деп хабарлады Polisia.kz.

Келіншек 2015 жылдың қыркүйек айында Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша ("жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") айыпты деп танылған.

"Оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда сот оның кішкентай балалары бар екенін ескеріп, жаза өтеу мерзімін бес жылға кейінге қалдырған", - дейді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы Айзере Дәулетбаева.

Оқи отырыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті 

Полицияның хабарлауынша, сотталған әйелдің жазасын өтеу  мерзімін шегеру уақыты аяқталды. Соған байланысты Атырау қалалық пробация қызметі сотталушының негізгі жазасы бойынша шешім қабылдау үшін Атырау қалалық №2 сотына ұсыным жолдады.

Сот шешімімен әйел УГ-157/9 (Атырау әйелдер колониясы) мекемесіне қамалды.

Сотталушының кәмелетке толмаған екі баласын туыстары өз қамқорлығына алды.

125
Кілт сөздер:
түрме, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Маңғыстау облысында 500 доллар айырбастауға барған әйел 5 жылға түрмеге қамалды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Шетелде өмір бойына сотталған тағы бір қазақстандық туралы ақпарат шықты