Тапанша

Қостанайда дүкенді тонаған қарақшылар видеоға түсіп қалды

131
Видеода тонаушылар сатушыны кассадағы ақшаны алып беруге мәжбүрледі

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Үш ер адам Қостанай орталығында дүкенге басып кірген, деп хабарлады жергілікті alau.kz сайты.

Тонау сәті түсірілген видеоны сайтқа оқырмандар ұсыныпты.

Кадрларға қарағанда, азық-түлік дүкені тоналған. Жұмысшы әйел дүкенде еден жуып жатқанда, тонаушылар басып кіріп, оны жерге құлатқан. Әйелге көмекке бір ер адам жүгіріп келеді. Әйел қашып құтылғанымен, біраз уақыт өткен соң тонаушылар оны кассадан ақша алып беруге мәжбүрлейді.

Қарақшылар ер адамды да жерге құлатты. Олар кеткен соң да ер адам ішін ұстап, еденде жатқан.


131
Кілт сөздер:
видео, қарақшылар, тонаушылық, Қостанай
Медицина, қағаз

ҰҚК жалған анықтама сатқан емхана қызметкерлерін ұстады

488
Тергеу барысында директордың орынбасары мен медициналық мекеменің бас дәрігерінің дәрігерлік-консультациялық комиссияның жалған қорытындысын 5 мың теңгеге сатқаны анықталды

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жеке медициналық емхананың карантин кезінде мемлекеттік шекараны кедергісіз өтуі үшін жалған анықтама сатқан екі қызметкерін ұстады.

2020 жылдың 18 қыркүйегінде жедел-іздестіру шаралары барысында медициналық орталықтың директор орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңге үшін жалған дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындыларын азаматтарға сатып отырған, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда қызмет бағасы 10 теңгеге бағаланған.

"Жедел-тергеу шаралардың нәтижесінде алдында берілген 200 жуық ДКК қорытындылары, дәрігерлердің қолы мен таңбалары қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютерлік техника табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР ҚҚ 385-бабы 1-тармағы (жалған құжаттарды,мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жүргізілген тергеу шаралары және жинақталған дәлелдемелер нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады.

2020 жылдың 19 қарашасында күдіктілер қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Әрқайсысына 2,8  миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

488
Кілт сөздер:
анықтама, емхана, ҰҚК
Тақырып бойынша
Көп адам өлер еді: ҰҚК Алматыда жоспарланған терактіге қатысты мән-жайды айтты
Атырауда емхана басшылығы дәрігерлерден ақша жинағаны әшкере болды
ҰҚК "Боратқа" қатысы бар қылмыстық топты ұстады – видео
"Көміп кетемін деді": Қаскелең тұрғыны ҰҚК қызметкері зорламақ болғанын мәлімдеді  
ҰҚК қызметкерлері душар болған қайғылы жағдай туралы ақпарат шықты
Адамның қолы

Шымкентте ер адамның бассыз денесі табылды

883
(Жаңартылды 09:24 26.11.2020)
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам 8 жылдан 15 жылға дейін сотталады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша — Sputnik. Жантүршігерлік оқиға Шымкенттегі саяжай аумағында болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға 8 қараша күні таңертең болған. Бұталардың арасында ер адамның бассыз денесі табылды, деп жазады жергілікті Otyrar.kz басылымы. Полицейлер бірден аумақта тексеру жұмысын жүргізді. 

"Мәйітті тауып, полицейлер фото және видео түсірді. Біздің ауданда қылмыс болмайтын. 20 жыл ішінде қылмыс жасалғанын естіген жоқпын. Полиция жедел қызмет етті, көмектескені үшін алғыс білдіреміз", - деді "Қайнар-Бұлақ" саяжай ауданының тұрғыны Қорғанбай Досметов.

Тергеу оқиғаның мән-жайын айтпай отыр. 2001 жылы туған күдікті ұсталғаны хабарланды.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес ("Адам өлтіру") сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам 8 жылдан 15 жылға дейін сотталады.

883
Тақырып бойынша
Шымкентте туған әкесінен жүкті болған 15 жасар қыз босанды
Терезеден секіріп кеткен: Шымкентте қыз алып қашқан жігіттің үстінен іс қозғалды
Шымкентте ер адам 11-қабаттан құлап кетті
Шымкентте үш жасар бала бензин ішіп қойды: дәрігерлер жағдайын айтты
Көрпеге салып, скотчпен орап тастаған: Шымкентте әйелдің мәйіті табылды
Жасанды тыныс алдыру аппараты, архивтегі сурет

Павлодар ауруханасына ескі аппарат сатқан компанияны полиция тексеріп жатыр

0
(Жаңартылды 19:14 26.11.2020)
Әкімдік жаңа жасанды тыныс алдыру аппаратын сатып алуға конкурс жариялаған, ал компания бұрын қолданыста болған құрылғыны жеткізген

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов өңірге жаңа жасанды тыныс алу аппаратының орнына бұрын қолданылған құрылғы жеткізілгенін мәлімдеді.

Облыс басшысының айтуынша, әкімдік жаңа жасанды тыныс алу аппаратын сатып алуға конкурс жариялаған. Ал жеткізушілер аппараттардың әрбірін 17,5 миллион теңгеден сатып алған.

"Кейіннен құзырлы органдар арқылы бұл аппараттардың бұрын қолданыста болғаны анықталды. Сол себепті оның бағасы өндіруші зауытқа қарағанда төмен болған", – деп мәлімдеді Ысқақов орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте.

Қазір бұл істі құқық қорғау органдары қарап жатыр. Тергеу тендерді жеңіп алған компанияның неге бұрын қолданыста болған жабдықты жеткізгенін анықтайды. Содан кейін сотқа дейінгі тергеу қорытындылары бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Сонымен қатар өңірдегі барлық медициналық ұйым компаниямен жасалған шарттарды бұзу және жасанды тыныс алу аппаратын жеткізу үшін төленген аванс сомасын талап ету бойынша талап-арыз дайындап жатыр.

Әкімнің айтуынша, компания өңірге 21 аппарат жеткізуі қажет болған, тапсырыстың жалпы сомасы – 300 миллион теңге. Ауруханалар келісімшарт жасап, аванс беріп қойған. Қазір екі тарап келісімшартты бұзып жатыр.

Оқи отырыңыз: Су жаңа аурухана тым суық: науқас шағымына Алматы облысының дәрігерлері жауап берді

Сондай-ақ, әкім үкімет резервінен сатып алынған жасанды тыныс алу аппаратының жеткізілуіне қатысты түсініктеме берді.

"Өңірге үкімет резервінен 20 медициналық ұйымға 139 жасанды тыныс алу аппараты жеткізілді. Дәрігерлермен сөйлестім, оны қолданып жатқан жоқ, себебі дәл қазіргі уақытта оған қажеттілік жоқ. Барлық жасанды тыныс алу аппараты қабылданды, жұмысқа жарамды күйде тұр. Оларға байланысты ешқандай мәселе жоқ", – деді әкім.

Айта кетейік, бүгінге дейін бұл өңірде алты мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды.

0
Кілт сөздер:
Павлодар облысы, аурухана
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Павлодар облысында күдіктінің кесірінен полицейлер COVID жұқтырды
Алматыда тағы бір модульді аурухана салынып жатыр
COVID-19: Алматыда балалар бөлімшесі бар аурухана ашылды – фото
Қостанай облысында аурухана отқа оранды – видео
Қазақстан Қырғызстанға 2 млн бетперде мен 400 аппарат жібереді