Оқиға

Астана-Бурабай тас жолында Toyota Land Cruiser қоршауға соғылып, аударылып түсті

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуКөлік
Көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол талғамайтын көлікте төрт адам болған

АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Ақмола облысында Toyota Land Cruiser жол қоршауына соғылып, жүргізуші мен бір жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жаяу жүргіншінің кесірінен жол апаты болды: бес адам зардап шеккен

Жол апаты 28 ақпанда кешке Астана-Бурабай тас жолында Ақкөл ауданындағы Красный Горняк ауылына жақын жерде болған. 

Toyota Land Cruiser көлігінің 1982 жылы туған жүргізушісі Астанаға кетіп бара жатқан. Кенет рөлге ие бола алмай, жолдағы металл қоршауға соғылып, көлік аударылып түскен. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 1981 жылы туған жолаушы әйел орталық аудандық ауруханаға жатқызылды, деп мәлімет берді ІІД.

Бұдан бөлек, тағы екі жолаушы – әйел адам мен жасөспірім қызға алғашқы көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылған.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалған.

Жаңалықтар
0