Оқиға

Оралда полиция ғимараты жанынан әйел адамның қанға боялған денесі табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековМәйіт
Мәйіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Суреттер әлеуметтік желіде тарап кеткен, қазір полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Оралда дүйсенбі күні таңертең ішкі істер басқармасы ғимараты жанынан әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды "Мой город" жергілікті басылымы.

Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Полиция Қостанайдағы қыздың өліміне қатысты ресми мәлімдеме жасады

Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желідегі суреттерде қанға боялған әйелдің жалаңаш денесі қар үстінде жатыр. Әйелдің қалай және қайда өлтірілгені әзірше белгісіз. БҚО ІІД баспасөз қызметі бұл деректі растады.

"Оқиға орнында криминалистер мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Мәйіт Орал ІІБ ғимараты жанынан табылған", — деп мәлімет берді БҚО ІІД баспасөз қызметі.

Айта кететін бір жайт, әйелдің сол қолында қаланың ойын-сауық орындарының біріне тиесілі білезік қалыпты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0