Оқиға

Кемероводағы өрттен зардап шеккендер саны 79 адамға жетті

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
12 адам ауруханаға жатқызылған, қалғандары амбулаториялық ем алып жатыр

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығындағы өрттен зардап шеккендер саны 79 адамға дейін жетті.

Жас жігіт Кемероводағы өрттен 3 баланы қалай құтқарғанын айтты - Sputnik Қазақстан
Видео
Жас жігіт Кемероводағы өрттен 3 баланы қалай құтқарғанын айтты

Бұдан бұрын өрт салдарынан 76 адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылғаны хабарланған. Көпшілігіне иіс тиіп, кейбірінің тыныс алу жолдарын күйік шалыпты.

"Зардап шеккендер саны 79 адамға жетті. Қазір 12 адам ауруханада жатыр. 67 зардап шегушіге амбулаториялық ем тағайындалған", — деп мәлімет берді жедел қызмет өкілі РИА Новости басылымына. 

"Зимняя вишня" сауда орталығында 25 наурыз күні жойқын өрт болды. Салдарынан 64 адам қаза тапқан, олардың 41-і балалар.

Жаңалықтар
0