Оқиға

Жасөспірім өз-өзін өлтірмек болған ер адамды құтқарды

© AFP 2024 / Rodger BoschЕр адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аслан кешкісін үйіне қайтып келе жатып, подъезден біртүрлі дыбыс естиді

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Ақтауда он алты жастағы бозбала өз-өзін өлтірмек болған 37 жастағы ер адамды құтқарып қалды, деп жазады "Ақтау-Лада" басылымы.

Газ бекеті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбеде кәсіпкер өз-өзін жарып жібермек болған

Аслан 31 наурыз күні кешке үйіне қайтып келе жатып, жертөледен біртүрлі дыбыс естиді. Төменге түссе, ер адам асылып қалыпты. Бозбала үйінен пышақ әкеліп, арқанды кесіп жібереді де, ер адамның мойнын босатып, дәрігерлер мен полиция шақырады.

Ер адам есін жинаған. Ол мас болған екен. 


Жаңалықтар
0