Оқиға

Алматыда жол апаты: жаяу жүргінші көз жұмды

© SputnikАлматыда Lexus жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Алматыда Lexus жаяу жүргіншіні қағып өлтірді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты жаяу жүргіншілер өткеліне жақын маңда болған. Жарақат алған ер адам "жедел жәрдем" келгенге дейін көз жұмды

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Алматыдағы Сүйінбай даңғылының бойында, Бөлтірік шешен мен Сидоркин көшелерінің аралығында жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді. 

Жаяу жүргіншіні қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда жас жігітті қағып өлтірген жүргізуші қашып кетті
 

Sputnik Қазақстанға куәгерлер хабарлағандай, Lexus LX 570 автокөлігі Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатқан. Жолдан жаяу жүргінші жүгіріп өткен, Lexus жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, оны бар жылдамдықпен қағып кеткен.  

 30 жас шамасындағы ер адам алған жарақатынан сол жерде "жедел жәрдем" келгенге дейін көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы жер асты жаяу жүргіншілер өткелінен 100 метр жерде болған. 

Трагедияның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.   


Жаңалықтар
0