АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Қостанай облысында Сарыкөл ауылында таңертең ұйқыдан тұрған әйел қасында жатқан сәбиінің шетінеп кеткенін көрген.
Оқиға 5 сәуір күні таңертең болыпты. Сағат тоғыз кезінде Сарыкөл АІІБ-не Сарыкөл ауылында бес айлық сәбидің денесі табылғандығы хабарланды.
"Алау" басылымына облыстық ішкі істер департаменті хабарлағанжай, 28 жастағы әйел мас күйінде баласын емізіп, ұйықтап кетіпті. Таңертең тұрғанда, сәбиінің шетінеп кеткенін білген.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Жоғары жылдамдықпен жүйткіген жүк көлігінің жүргізушісі жол жиегінде тұрған үш автокөлікке соқтығысты. Осы оқиғаға байланысты Алматы полицейлері тергеу амалдарын бастады.
Жол апаты салдарынан бір адам қатты зардап шегіп, түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Ал оқиға Құлагер шағын ауданында болған.
Куәгерлердің айтуынша, Серіков көшесімен келе жатқан ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі ұйықтап кеткен. Салдарынан жүк көлігі жол жиегінде тұрған FAW маркалы көлікті соққан. Ал ол Opel машинасын орнынан қозғап жібергендіктен, алдында тұрған Nissan Maxima көлігіне зақым келтірген.
Соққының жойқын болғаны соншалық, ГАЗельдің кабинасы майысып, жүргізуші қысылып қалған. Оны құтқару үшін Алматы қаласының құтқару қызметінің көмегіне жүгінуге тура келді. Олар арнайы гидравликалық қайшы қолдану арқылы жүргізушіні шығарып алды.
Зардап шеккен азамат медициналық жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.
Оқи отырыңыз: Жол апаты кезінде терезеден ұшып кеткен баланы куәгер құтқарып қалды – видео
Қазіргі кезде осы оқиға бойынша Алматы полиция департаментінде тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар жасалады.
АЛМАТЫ, 25 қаңтар — Sputnik. Алматының Рысқұлов көшесінде көлік өртенді. Зардап шеккендер жоқ.
Отқа оранған көліктің видеосы Kris.p.almaty Telegram-каналында жарияланды. Көлік өртеніп, айналаны қою қара түтін басқан. Болған жағдайды куәгерлер видеоға түсірді.
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті жексенбі сағат 17.18-де 101 пультіне хабар түскенін айтты. Өрт сөндірушілер барған кезде BMW көлігі жанып жатқанын көрді. Өрт 17.39-да сөндірілді.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша оқиғаға көліктегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.
Құтқарушылар көлікте өрт бірер минутта тарап кететінін ескертті. Сондықтан темір тұлпарды арнайы көлікке қызмет көрсету орталықтарына тексеріске апарып отыру қажет.
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қытайдың Ухань қаласына барған халықаралық сарапшылар ғылыми зерттеу кезінде кінәлі адамдарды табуға мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлады NBC News арнасы.
Сюжет жасаған тілшілер өткен жылы көктемде Ухань қаласындағы вирусология институтының ғылыми базасын жойып тастағанын анықтады. Ол жерде 20 мың жазба болған. Ал осы материалдардың негізінде қытайлық мамандардың пандемияға дейін немен айналысқанын білуге болатын еді. Зертхананың лауазымды тұлғаларының біреуі ондай шешім "қауіпсіздік мақсатында" қабылданғанын айтты.
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан барған сарапшылардың біреуі қытайлықтардың бұған дейін жарияланбаған мәліметтерді ұсынғанын мәлімдеді. Бірақ сарапшылар тобы оны алдымен жан-жақты зерделеп шығуы тиіс.
"Бұл, шынымен де, саяси астары бар ғылыми сапар және ол кінәлі адамдарды табуды көздейді. Әйтсе де, ғылымға басымдық беріледі. Себебі нақты мәліметтер алдамайды", - дейді сарапшы Питер Дасцак.
"Біз пандемияның Уханьдағы аурудың өршуінен басталғанын сеніммен айта аламыз", - дейді биолог-эволюционист Трэвор Бедфорд.
Осы орайда сюжет авторы Қытайда COVID-19 туралы ашық айтқан ондаған журналист пен өзге адамдардың қамауға алынғанын да еске алды. Соған қарамастан, ДДҰ-ның сарапшылар тобы вирустың шығу жерін әлі де зерттеу керек дейді.