Алматыда ГАЗель ағашқа соғылып қалды

Алматыда ГАЗель ағашқа соғылып қалды

28
(Жаңартылды 15:02 28.04.2018)
Ағашқа соғылған көлік майысып қалды

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Алматыда белгісіз бір көлікті қаға жаздаған ГАЗель жолдың шетіне шығып кетіп, ағашқа бір-ақ соғылды.

Жол апаты Желтоқсан көшесінде Абай көшесіне жетпей болған.

Куәгерлер мен ГАЗель жүргізушісінің сөзіне сүйенсек, Желтоқсан көшесімен солтүстік бағытта оң жақ шеткі жолақпен келе жатқанда, ортаңғы жолақтағы жеңіл көлік шұғыл оң жолаққа қарай ауысады. ГАЗель жүргізушісі көлікті қағып кетпеу үшін тежегішті қатты басып қалып, бар жылдамдықпен ағашқа соғылған. Қатты соқыдан ГАЗель шыр көбелек айналып, бордюрден асып, арыққа түсіп кетіпті. Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

 ГАЗель жүргізушісі ауыр жарақат алған жоқ.

  • Алматыда ГАЗель ағашқа соғылып қалды
    Алматыда ГАЗель ағашқа соғылып қалды
    © Sputnik
  • Алматыда ГАЗель ағашқа соғылып қалды
    Алматыда ГАЗель ағашқа соғылып қалды
    © Sputnik
  • Алматыда ГАЗель ағашқа соғылып қалды
    Алматыда ГАЗель ағашқа соғылып қалды
    © Sputnik
1 / 3
© Sputnik
Алматыда ГАЗель ағашқа соғылып қалды
28
Кілт сөздер:
Алматы, ГАЗель, жол апаты, ағашқа соғылу
Алматы көшесі

Телеарна Алматыдағы Назарбаев көшесінің атауын кездейсоқ "өзгертіп алды" видео

1173
Алматыдағы Фурманов көшесі 2017 жылдың қараша айының соңында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл болып өзгертілді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар — Sputnik. "Хабар 24" мемлекеттік телеарнасында Алматыдағы Назарбаев даңғылы ескі атауымен – Фурманов көшесі деп айтылды.

19 қаңтардағы сюжетте көшелерде қозғалыстың шектелуі туралы хабар берілді.

20 желтоқсанда телеарна эфирде техникалық қате болғанын түсіндірді.

"Бұл техникалық қате болды, оның себептерін біз қазір анықтап жатырмыз. Конвейерлік ақпараттық өндіріс болғандықтан, осындай қателік кеткен", - деп түсіндірді "Хабар 24" редакциясында.

Сондай-ақ, телеарна редакциясы компанияның көшелерді қайта атауға өкілеттігі жоқ екенін түсіндірді.

"Редакция бұл жағдайдың қалай болғанын анықтайды", - деді "Хабар 24" телеарнасы.

Еске сала кетері, Алматыдағы Фурманов көшесі 2017 жылдың қараша айының соңында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл болып өзгертілді.

Тиісті шешімді Алматы қалалық ономастика комиссиясы мен үкімет жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының келісімі бойынша Алматы мәслихаты қабылдады.

1173
Архивтегі сурет

Алматы облысында КамАЗ жеңіл көлікпен соқтығысты видео

32
(Жаңартылды 15:38 20.01.2022)
Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар — Sputnik. Алматы облысында екі адамның өмірін қиған жол апаты болды. 

Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы пайда болды. Кадрда соққы салдарынан жеңіл көліктің қатты зардап шеккені  байқалады. Видео авторы Mazda Cronos пен КамАЗ-дың соқтығысқанын айтты.

"40 жастағы КамАЗ жүргізушісі Алматы - Көкпекті - Көктал тас жолының 656 шақырымында рөлге ие бола алмай жолдың қарсы жолағына шығып кетті. Салдарынан Mazda Cronos көлігіне соғылды. Соққы салдарынан жеңіл көліктің 45 жастағы жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушысы көз жұмды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалды. 

Сотқа дейінгі тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 645-бабы (Бір және одан да көп адамның өліміне алып келген жол ережесін бұзу) бойынша жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында автокөлік аударылып, бір адам көз жұмды

 

 

 

32
Кілт сөздер:
Алматы, КамАЗ
АҚШ туы

АҚШ Ресеймен соғысуды қалай ма БАҚ

0
Пентагонға қызмет ететін Гудзон институтындағы аналитиктер тез арада америкалық орташа қашықтыққа ұшатын зымырандарды Ресей шекарасын бойлай орналастыруға және НАТО әскерін Сувалки дәлізіне жөнелтуге кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Батыстағы элита БАҚ-та ақпараттық шу шығарып, Украинаны Ресейден "құтқарып" жатқан шақта америкалық әскерилер өз шаруаларын тындырып жатыр, деп жазды РИА Новости.

НАТО Біріккен қарулы күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Филипп Бридлав Еуропада америкалық заманауи стратегиялық көлік ұшақтары мен жанармай тасымалдайтын ұшақтардың жоқ екеніне шағымданды. Ол ұшақтар әуедегі НАТО басымдығын қамтамасыз ететін еді. Алайда кімнен басым түсу қажет? Генерал Бридлав Ресеймен соғысты жоспарлап отырғаны анық.

Ол 2014 жылы НАТО Әуе күштеріне қолбасшылық еткен шақта "сыпайы адамдардың" Қырымға қонуын байқамаған сыңай танытты. Ол сол кезде ашуға мініп, Ресейдің айыру белгісі жоқ әскерді қолдануын ең таңғаларлық блицкирг деп бағалады. Ол бүгінгі жағдайды сол оқиғаның есесін қайтарудың мүмкіндігі ретінде қарастыратын секілді.

Пентагонға қызмет ететін Гудзон институтындағы аналитиктер тез арада америкалық орташа қашықтыққа ұшатын зымырандарды Ресей шекарасын бойлай орналастыруға және НАТО әскерін Сувалки дәлізіне жөнелтуге кеңес береді. Бірақ олар Сувалки дәлізі Белоруссия мен Калининград облысының арасында 65 километрге созылып жатқан аумақ екенін біле ме? Бір жағында Литва болса, екінші жағында Польша орналасқан. Картада бәрі анық көрсетілген. Сонда Украинаның бұған не қатысы бар?

Шындығында Украинаның ешқандай қатысы жоқ және көп уақыттан бері барлығы ашық әрекетке көшті. Америкалықтар Ресеймен соғысуды көздеп отыр. "Тежеу" – бұл сыпайы эвфемизм. АҚШ Украинаны да Балтық маңы елдері секілді қажеттілігіне қарай қолданады. Территориясын әскери әрекеттер театры ретінде, халқын соғыс кезіндегі адам шығыны ретінде, елдегі билікті өз дегенін бұлжытпай орындайтын "одақтас" ретінде қолданады.

Америкалық әскеридің жоспары олар өз одақтастарын аса бағаламайтынын айғақтап тұр. Себебі Украина барлық стратегиялық шараларда атүсті аталады. Украина үшін Ресейді тежеу туралы бірер сөз айтылса, одан кейінгі жоспар ауқымдылығымен таңғалдырады. Сувалки дәлізі, тасымалдаушы ұшақтар, "die erste Kolonne marschiert, die zweite Kolonne marschiert..." Балтық елдеріндегі оқиға қайталанып жатыр.

Соңғы отыз жылда кейбір лимитрофты елдерде ұлтшылдықты тым асқақтатып жібергені соншалық, жергілікті тұрғындар қарапайым нәрсені елемей отыр. Олар өзерінің ұлттық ерекшеліктерін айтып, қанша мақтанса да, америкалықтар оларды әрдайым "орыстар" ретінде ғана қабылдайды. Немесе "кеңестік" деп қарастырады, айырмашылығы жоқ.

Бір кездері Еуразияның жүрегі болған одаақтың елдері біртұтас болған шақта ешкімге жеңістік бермейтін. Ресей шекарасын бойлай орналасқан халықтарға "дербес ұлтшылдық" таңу үшін бүтіндей сарапшылар институты ондаған жылдар бойы жұмыс істеп жатыр.

Украинаны Ресейден қорғау бойынша батыстағы әріптестердің іс-әрекеті жаға ұстатарлықтай. Себебі бейбітшілікке апаратын жол – бұл келіссөз, келісімді әзірлеу және сақтау емес пе? Ал америкалықтар Украинаға әскери техника жөнелтіп, ағылшындар танкіге қарсы зымырандармен жабдықтап жатыр. Ал Канада арнайы мақсаттағы әскер жасағын осы іске жұмылдырды. Американың Орталық барлау қызметі украин сарбаздарын арнайы даярлықтан өткізіп жатыр. Тіпті немісер де атсалысып жатыр. Олар украин әскерилеріне медициналық көмек көрсетуде.

Егер шындықты бүкпесіз баяндасақ, онда АҚШ үстемдігімен батыс елдердің Украинаны оккупациялауы баяу, бірақ табанды түрде жүріп жатыр. Украинаның бұл мәселеде өз есебі болғаны анық. Олар 2014 жылы осындай бір есепті жүзеге асырды: украиндер америкалықтардың ықпалына көшіп, есесіне солардың қаржысына иек артуға, ал өздерін Ресейден қысым көріп жатқан ел ретінде танытуды көздеді. Соғыс басталғалы жатыр деп дабыл қағып, бірақ ол соғысқа өзіміз қатыспаймыз деп жоспарлады.

Мәскеу көрінісі
© Sputnik / Наталья Селиверстова

Бірақ Ресей көршісі америкалықтар оларға қарағанда есепке жүйрік екенін ескермеді. Себебі украиндер міне, соғыс табалдырығында тұр. Елге аштық пен кедейлік қаупі төнді. Ресейді елемеуге тырысқан Украина өзі құрған қақпанға өзі түсті.

Егер 2014 жылы Украина Майданға мән бермей, Ресеймен тату қарым-қатынасты ұстана берсе, онда сол кездегі қақтығыс кезінде көз жұмған кемінде он төрт мың адам қазір тірі жүрер еді. Ел экономикасы құлдырамас еді және газ бағасы Ресейдегідей, яғни қазіргі өлшем бойынша нөлге тең дәрежеде болар еді.

Бір қызығы, әлемде тек Ресей ғана Украинаны қаз-қалпында, ел ішінде ешқандай жаңашылдық енгізбей-ақ, өзіндік атмосферасымен қабылдады. Ал басқалары бұл елді кезінде Ресейден бөлініп шыққан және ескіліктің заманында қалып кеткен түсініксіз аумақ ретінде қарастырды.

Батыстық басқыншылар жергілікті халыққа қатысты аяушылық пен адамгершілік танытады дегенге сену қиын. Себебі Донбастағылар жас гвардияшыларды әлі ұмытқан жоқ. Бабий Яр әлі де Киевтің жадында. Сол себепті орыстар бүгінде болып жатқан қатыгездікке абыржып отыр.

Украина Қарулы күштері мектептерді оқ ату және соғыс жүргізу орындары ретінде қолдануға көшті. Уукраина артиллериясы Донбастағы жүзден астам бейбіт тұрғынның көзін жойды. Одессадағы Кәсіподақтар үйінде ондаған адам тірідей өртелді және соққыға жығылды. Шаңқай түсте сәбиімен бірге өлтірілген жас әйелдің суреті бүкіл әлемге тарады.

Адам айтса сенгісіз бұл жағдай бүгінде Украинаның ақиқатына айналды. Ал америкалықтар "Ресей Украинаға шабуыл жасауға дайындалып жатыр" деп әлемді дүрліктіруін қояр емес. Ал шындығында америкалықтар мен еуропалықтардың Украинаға басып кіруін әлдеқайда бұрын болып қойған еді.

Енді бүгінде украин халқы кедейлік пен аштықтың қарсаңында тұр. Енді бұл сұрапылдан украиндерді кім құтқарады?

0
Кілт сөздер:
АҚШ, Ресей, соғыс