Аурухана

KADEX көрмесіндегі қайғылы оқиға: ер адам ауруханада көз жұмды

171
(Жаңартылды 11:20 27.05.2018)
KADEX көрмесінде ақпараттық стенд үстіне құлап, қаза тапқан ер адамның отбасына материалдық көмек көрсетіледі

АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. KADEХ-2018 халықаралық көрмесінде ақпараттық стенд құлаған кезде жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік баспасөз қызметі атап өткендей, зардап шеккен азаматқа көрмеде кезекшілікте болған жедел жәрдем бригадасы дер кезінде медициналық көмек берген. 

"Кейін зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Ауруханаға апара жатқанда есін білетін, жағдайы бір қалыпты болды. Алайда медициналық мекемеде хәлі күрт нашарлап, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады", — делінген хабарламада.

Ведомство атап өткендей, құлаған жарнама конструкциясын "Астана Экспо КС" ЖШС компаниясы жалдаған мердігер орнатыпты. Қазір құзыретті мемлекеттік органдар қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

Қаза тапқан ер адамның отбасына қажетті жәрдем көрсетіледі.

Министрлік марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.

171
Кілт сөздер:
зардап шегуші, қайғылы оқиға, KADEХ-2018
Мектеп

Елорда мектебінде сабақ кезінде төтенше жағдай болды видео

636
Мектепте электр сымдарының қысқа тұйықталуынан түтін шыққан. Оқушылар мен ұстаздар зардап шеккен жоқ

АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда №73 лицейде алғашқы оқу күнінде төтенше жағдай болды. Адамдарды эвакуациялуға мектептен шыққан түтін себеп болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екінші ауысым кезінде оқушылар мен мектеп қызметкерлері түтіннің иісін сезген. Кейінірек оқушылар сыртқа шығарылды, оқиға орнына өрт сөндірушілер, полицейлер мен дәрігерлер келді.

"Сағат 15:19-да мектептен қоңырау түсті. Оқиға орнына он құтқарушы мен екі техника жіберілді. Түтін шығуға қысқа тұйықталу себеп болған, ештеңе жанбаған", - деп хабарлады елордалық ТЖ департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша,  мектепке материалдық шығын келмеген, кабельдер бүлінбеген. Жағдайға байланысты хаттама толтырылды. Тексерістен кейін барлық оқушы мектепке кірді. Мектеп штаттық режимде жұмыс істейді.

Айта кетейік, карантинге байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр. 4 наурыздан бастап мектепте оқушылар аралас форматта оқиды.

636
Тақырып бойынша
Қазақстанда 15 ресейлік оқушы отырған автобус жолда қалып қойды
Астанада мектепке "бомба қойған" 15 жастағы оқушы ұсталды
Қарағандыда "бомба қойылған" мектептен оқушылар қауіпсіз жерге шығарылды
Ақтөбеде мектептің төбесі балалардың үстіне құлады – себебін комиссия анықтайды
Мысық, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда үйдің кіреберісінен денесінің 70 процентін күйік шалған мысық табылды

12
Ветеринарлар үй жануары ашық оттан зардап шеккен деген болжам жасап отыр. Мысыққа жәбір көрсеткен адам туралы әзірге еш мәлімет жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің біріндегі кіреберістен күйік шалған мысық табылды.

Жартылай жанып кеткен мысықтың суреті әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін zverohelp_astana волонтері Вероника Бродецкая көмек көрсету үшін оны алып кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zverohelp Astana (@zverohelp_astana)

"Кеше түнгі 11 шамасында "Сырдария" тұрғын үй кешенінде жанып кеткен мысық табылғаны туралы ақпарат алдық. Адамдар 109 желісіне хабарласып, мысыққа көмек көрсеткісі келген. Бірақ біз тез арада пост авторымен байланысып, мекенжайға жеттік. Мысық 11-ші қабатта болған. Оның үсті-басының бәрі жанып кеткен, табанының барлығы күлге айналған", - деді Вероника Бродецкая.

Хэлл Бой деген есім қойылған мысықтың денесінің 70%-ін күйік шалған. Ветеринарлық клиникада оған жедел көмек көрсетілді. Ол жазылу үшін бірнеше ай ем қабылдауы керек. Қазір марғау ветеринарлардың бақылауында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zverohelp Astana (@zverohelp_astana)

"Оның тіндерінде некроз пайда болып, интоксикация туындау қаупі бар. Қазір дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасады. Ашық отқа жанып кететіндей бұл мысық қайда кіріп кеткенін түсінбеймін. Оның үстіне ол әдейі отқа түспейді. Түсініксіз жағдай", - дейді астана тұрғыны.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zverohelp Astana (@zverohelp_astana)

Волонтер Вероника Бродецкая мысық аман қалса, оған жаңа үй табатынына сенімді.

12

"Спутник V" вакцинасын шығарып жатқан Қарағанды зауытының қызметкерлері не дейді

0
Қарағанды фармацевтикалық кешені коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасының қазақстандық үлгісінің өндірісі бойынша жұмысты өз мойнына алды

Вакцинаның алғашқы партиясы Қазақстан аймақтарына жеткізілді. Ең алдымен медицина қызметкерлеріне, мұғалімдер мен полицейлерге екпе салынып жатыр.

Sputnik Қазақстан тілшілері фармзауытта болып, қауіпті вирусқа қарсы вакцинамен күн сайын жұмыс істейтін адамдардың өмірі қалай өзгергенін көріп қайтты.

0