Оқиға

Таразда пәтерден өрт шығып, бес жасар қыз қаза тапты

© Photo : КЧС МВД КазахстанаӨрт
Өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көршілердің айтуынша, бала үнемі үйде жалғыз қалады екен: 14 жастағы әпкесі қыдыруға немесе сабаққа кетеді, ал анасы күні бойы жұмыста

АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Таразда көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шығып, салдарынан кішкентай бала ажал құшты.

өрт, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт болды: қаза тапқандар бар

КТК телеарнасының мәліметінше, өртті жарты сағат бойы сөндірген. Қыздың денесі өртті сөндіріп, бөлмелерді тексеру кезінде табылыпты.

Көршілердің айтуынша, бала үнемі үйде жалғыз қалады екен: 14 жастағы әпкесі қыдыруға немесе сабаққа кетеді, ал анасы күні бойы жұмыста.

Пәтер бес қабатты бір подъезді үйде орналасқан, 44 адамды эвакуациялауға тура келді, олардың ішінде 16 бала бар. Қазір бәрі өз пәтерлеріне оралды.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0