Оқиға

Қазақстанның оңтүстігінде белгісіз біреу қартаң әйелді өртеп жібермек болды

© Photo : pixabay.comСіріңке, иллюстративті фото
Сіріңке, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгісіз біреу түн ортасында үйге жасырынып кіріп, қартаң әйелдің үстіне бензин шашып, өртеп жіберді

АСТАНА, 24 маусым — Sputnik. Түркістан облысының Қарабұлақ ауылында белгісіз біреу қартаң әйелді өртеп жібермек болды.  

Қаскөй түн әлетінде зейнеткердің үйіне жасырынып кіріп, өлтіремін деп қорқыта бастаған. Зардап шегушінің айтуынша, қылмыскер пышақ кезеніп, көзін жұмуды талап еткен. 

Бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Тірідей жанып кете жаздаған жеткіншектің анасы көршінің егіз ұлдарын айыптайды

"Содан кейін маған бензин шашып, өртеп жіберді. Мен олай істемеуін өтіндім, өйткені бөлмеде кішкентай бала бар еді. Ол балаға бола үйді түгел өртеп жібермейтінін айтты", — деп зардап шегушінің сөзінен үзінді келтірген "Отырар" арнасы.

Қаскүнем, зардап шегушінің айтуынша, ізін жасырған. Әйелдің көмек сұраған дауысын немересі естіп, жүгіріп келген. Қыз әжесінің жанып жатқан шашы мен киімін сөндіріп, көрші үйде ұйықтап жатқан ата-анасына хабар берген.    

Зейнеткер ауруханаға жатқызылды. Әйел бұған дейін де осындай шабуылға ұшырағанын айтты. Бір жыл бұрын біреу үйіне баса-көктеп кіріп, өртеп жібермек болған.  

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда.  


Жаңалықтар
0