Оқиға

Қостанайда той өтіп жатқан мейрамханада өрт шықты - видео

© Photo : ДЧС Восточно-Казахстанской областиөрт сөндірушілер, архив суреті
өрт сөндірушілер, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мейрамхананың шатыры жанып, кейбір бөлігі опырылып құлады

АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Қостанайда "Астам" мейрамханасы той өтіп жатқан кезде өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Мейрамханадағы өртті оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған. Кадрлардан ғимараттың шатыры лаулап жанып жатқанын, ал адамдардың далада қарап тұрғанын көруге болады. 

"Бүгін той, барлығы "Астамнан" далаға жүгіріп шықты, даяшылардың бәрі қашып кетті", — дейді видео авторы. 

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов оқиғаның мән-жайын айтып берді.  

"Астам" мейрамханасының шатырында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 17.30-да түскен. Он минуттан кейін оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті. 

"Өртенген аумақтың жалпы көлемі — 1200 шаршы метр. Оқиға орнында 40 өрт сөндіруші мен 9 техника жұмыс істеді. 400 шаршы метр жерде төбе опырылып құлады", — деді Иманқұлов Sputnik тілшісіне. 

Алматыда жойқын өрт шықты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жойқын өрт шықты: оқиға орнынан кадрлар

Алдын ала жасалған қорытынды бойынша, өрттің шығуына шатырда жүргізілген электр дәнекерлеу жұмыстары себеп болған. 

Иманқұлов өрт шыққан уақытта ғимараттың ішінде көп адам болғанын растады. 

"Мейрамханада банкет болып жатқан. 70-ке жуық адам сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ", — деді ол. 

Өрт 18.35-те өрттің жайылуы тоқтатылды.  

Жаңалықтар
0