Найзағай

Шығыс Қазақстанда жасөспірімге жай түсіп қаза тапты

130
(Жаңартылды 14:58 18.07.2018)
Бала найзағай ойнап тұрғанда үй ауласында ойнап жүрген

ӨСКЕМЕН, 17 шілде — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы тұрғыны жай түсіп қаза тапты, деп хабарлайды өңірлік ТЖ бойынша департамент баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға дүйсенбі күні Семей жанындағы Чекоман ауылында кешкісін болған. Он алты жасар бала аулада ойнап жүргенде түскен. Ол алған жарақатынан көз жұмды.

ТЖД атап өткендей, көбінесе шопандар мен малшыларға күн күркіреп тұрғанда жай түседі.

Бұдан бұрын синоптиктер күн күркіреп, жел тұратынын ескерткен болатын.

Найзағай ойнап тұрғанда ағашқа тығылған жүкті әйел қаза тапты

Жанармай бекетіне найзағай түсіп, жарылыс болды

130
Кілт сөздер:
табиғи құбылыс, оқыс оқиға, жасөспірім, Шығыс Қазақстан
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтан полицейлері құжатсыз көлік жүргізген мас қызды ұстады

31
Қыз шамамен бір жарым жыл бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігінсіз автокөлік рөліне отырған мас қызды ұстады, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті Peugeot 206 көлігі таңертең ерте – таңғы алты шамасында  Сығанақ пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында көзге түскен.

"Тексеру барысында 28 жастағы жүргізушінің мас екені анықталды. Қыз жүргізуші куәлігі мен құжаттары жоқ екенін мойындады", - делінген полиция хабарламасында.

Медициналық тексеріске сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежеде мас болған. Сонымен қатар, 2019 жылдың маусым айында елорда тұрғыны ішімдікке тойып алып көлік жүргізгені үшін үш жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында мас жүргізушіні ұстау операциясы видеоға түсіп қалды 

Заң бұзушы уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  

31
Тақырып бойынша
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтанда жүргізушінің жолдағы бассыздығы видеоға түсіп қалды
"Уақыт созып отырған сияқты": жол апатына ұшыраған алматылықтың жанайқайы
Атырау облысында асфальт төсеу кезінде қайғылы оқиға болды
Қос полицей қазасы: жол апатына кінәлі жүргізушіге қатысты тың деректер жарияланды
Иллюстративті фото

Елорда тұрғыны тікелей эфирде өзіне қол жұмсамақ болды

36
Facebook қолданушысы полицияға қоңырау шалып, ер адамның тікелей эфирде өзіне қол жұмсағалы жатқанын айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан полицейлері тікелей эфирде өзін өлтірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға өткен жексенбіде, 25 қазан күні сағат 22.00 шамасында болған. Жедел басқару орталығына Facebook қолданушысы қоңырау соғып, қала орталығында белгісіз ер адам тікелей эфирде өзіне қол жұмсағалы жатқанын хабарлаған. Бейнебақылау операторлары ол адамды тез тауып алды: оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жіберілді.

Екі баласын бөлмеге қамап қойған: Шымкент тұрғыны үйді жарып жібермек болды

Полицейлер ер адаммен сөйлескен кезде, ол әйелімен ажырасып, балаларын сағынғанын айтқан. Полицейлер суицидтің алдын алды.

34 жастағы елордалық Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қатты күйзеліске түскен тұрғынмен психологтар жұмыс істеді.

36
Кілт сөздер:
тікелей эфир, суицид
Тақырып бойынша
Қаскелеңде ер адам көпірден секірмек болды – видео
Елордада полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды – видео
"Бала-шағам жейтін тамақ жоқ" дейді": полицейлер карантиндегі жұмысы туралы айтты
Нұр-Сұлтан әуежайының бұрынғы бас есепшісі тергеу абақтысында өзіне қол жұмсамақ болды