Оқиға

Денис Тенді кім пышақтағаны белгілі болды

© AFP 2024 / ARIS MESSINIS Денис Тен
Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық спортшыны көлік тонаушылар жаралаған

АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Алматыда көлік тонаушылар мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді пышақтап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда Денис Тенді пышақтап кетті, ол ауыр хәлде жатыр

Оқиға бүгін түскі үштер шамасында Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болды. 

"Денис Тен автокөлігінің айнасын ұрламақшы болған екі белгісіз адамның үстінен түскен. Төбелес шығып, салдарынан Денис Тен пышақ жарақатын алды", — делінген хабарламада. 

Аталған фактіге қатысты тергеу жүріп жатыр. Күдіктілерді анықтау және ұстау шаралары қолға алынды. Алматы қаласы ІІД барлық жеке құрамы жұмылдырылған. 

жарақат алғаны туралы хабарлама бүгін сағат 14.56-да жедел жәрдемге түскен. Ол орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Бастапқы диагнозы – оң жамбастың үстіңгі бөлігінен пышақ жарақатын алған, тамырларына зақым келген, қан жоғалтқан.

"Аурухана түскенде науқастың жағдайы өте ауыр болатын, шұғыл түрде жансақтау шаралары атқарылды, барлық тиісті білікті мамандар науқасты жедел емдеуге кірісті", — деп мәлімет берді денсаулық сақтау басқармасындағылар. 

Денис Тен — қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, ол 2014 жылы Сочи Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған болатын.

Баян Есентаева өзін пышақтаған күйеуін кешіруге дайын ба?— Сұхбаттан кадрлар

Жаңалықтар
0