Ыстықкөл

Ыстықкөлде "Азаттық" радиосының тілшісі суға батып кетті

936
(Жаңартылды 12:50 24.07.2018)
Құтқарушылар суға кеткен жігітті алып шыққанымен, дәрігерлер өміріне араша түсе алмады

АСТАНА, 23 шілде — Sputnik. "Азаттық" радиосының журналисі Ұланбек Егізбаев Ыстықкөл курортында суға батып кетті.

Ыстықкөл облысы ішкі істер басқармасының мәліметінше, жексенбі күні 14:30-да ер адамның суға батып бара жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар зардап шеккен жігітті судан алып шығып, ауруханаға жеткізеді. Кейінірек Егізбаевтың ауруханада есін жимастан жан тапсырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Құқық қорғау органдарының деректері бойынша, 19 шілдеде Егізбаев әйелімен бірге "Акун" пансионатына орналасады. Жексенбі нөмірден шығып, көлге барған.

Алматы облысында бассейнге барған бала суға тұншығып қалды

Радио жүргізушісінің жасы 28-де еді. "Азаттықта" 2014 жылдан бері еңбек еткен, бірнеше журналистік зерттеулер жүргізген.

Астанада әйел адам екі қызымен кілем жуып жатып қаза тапты

936
Кілт сөздер:
шомылу маусымы, демалыс, оқыс оқиға, суға кету, тілші, Ыстықкөл
Тақырып бойынша
Қостанай тұрғыны бала-шағасының көз алдында суға батып кетті
Алматыда суға кеткен жігіттің достары құтқарудың орнына қашып кеткен
ШҚО-да жас жігіт пен алты жасар бала суға кетті
Солтүстік Қазақстанда суға кеткен баланың денесі бір аптадан соң табылды
Алматыдағы Жібек жолы базарындағы өрт

Алматыда базар өртенді видео

23
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап, сол маңдағы бутиктерді өрттен сақтап қалды

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Алматыда "Жібек жолы" автобөлшектер базарынан өрт шықты. Sputnik Қазақстан тілшісінің хабарлауынша, сегіз контейнер (қосалқы бөлшектер сақталған қоймалар) түгі қалмай жанып кеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Рынок Жибек Жолы горит

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

Оқиға орнына шұғыл қызметтер келді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қаланың төтенше жағдайлар департаменті өрттің себебін анықтап жатыр.

Өрт сөндірушілер сол маңдағы бутиктер мен сауда қатарларын аман сақтап қалды. Алдын ала мәлімет бойынша 80 шаршы метр аумақ отқа оранған.

23
Кілт сөздер:
видео, өрт, базар, Алматы
Тақырып бойынша
Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты
Алматы іргесінде өрт бір жарым гектарға жайылды – видео
Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды
Өрт сөндіруші

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты

25
Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау

ПАВЛОДАР, 30 қазан — Sputnik. Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден егде жастағы әйел, баласы мен көрші пәтердегі балаларды қолға алып шығарды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі.

"Жұма күні сағат 12.36-да Жаяу Мұса көшесіндегі 1-ші үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Сегізінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде жиһаз бен киімдер отқа оранды. Өрт аумағы - 10 шаршы метр", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер пәтерден 65 жастағы әйел мен 45-тегі баласын қауіпсіз жерге шығарды. Әйел орта дәрежедегі газбен улану, арқасын күйік шалу және алкогольге улану диагнозымен терапия бөліміне жеткізілді.

Баласы да орта дәрежедегі улану диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Жағдайлары жақса, үйлеріне жіберілді.

Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау.

25
Кілт сөздер:
көпқабатты тұрғын үй, өрт сөндірушілер, Павлодар
Тақырып бойынша
Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео
Нұр-Сұлтанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды