Оқиға

Астанада ұялы телефон ұрлағандар видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі жігіт Желтоқсан көшесіндегі сұлулық салонына кіріп Iphone 5 ұрлап кеткен

АСТАНА, 25 шілде — Sputnik. Астана полициясы сұлулық салонын ұялы телефон ұрлаған екі жігітті іздеп жатыр.

Ішкі істер департаменті хабарлағандай, 24 шілдеде күндіз екі жігіт Желтоқсан көшесіндегі сұлулық салонына кіріп, Iphone 5 телефонын ұрлап кеткен. Сол күні тағы бір сұлулық салонында ұялы телефон тура солай қолды болған.

Полиция "ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті, күдіктілерді жедел іздеу шаралары атқарылып жатыр.

Көлік ұрлау - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда полиция көлік ұрлаушылардың соңынан қуды

Тәртіп сақшылары тұрғындарынан күдіктілерді табуға көмектесуді сұрайды. Іздеудегі жігіттердің бірі 20-25 жаста, арық денелі, бойы 160-170 сантиметр. Күрте, кепка, шорты, спорттық аяқ киім киген – бәрі қара түсті. Екіншісі 25-30 жаста, бойы 180-190 сантиметрдей. Қара былғары күрте, футболка, джинсы және туфли киген. Қандай да бір ақпарат белгілі болса, ІІД келесі нөмірлерге хабарласуды өтінеді: 71-66-10, 71-66-11, 71-66-74.

Сонымен бірге, полиция тұрғындарға өте сақ болуға кеңес берді. Мұндай ұрлықтың басты себебі — бағалы заттарын қараусыз қалдыратын адамдардың бейқамдығы, дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Еден жуушы бақылау камерасын шүберекпен жауып, ұрлық жасаған

Астанада дүкенде телефон ұрлаған жігіт видеоға түсіп қалды

Астанада бойжеткен балалар арбасынан әмиян ұрлаған

Жаңалықтар
0