АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Астанада қалалық сот маңында жүргізуші бір адамды қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол апаты кеше түскі сағат 15:23 шамасында Сауран көшесінде болған. Полицейлер анықтау шараларын жүргізіп жатыр.
"Опель" көлігінің жүргізушісі Ұлы дала көшесі жақтан Сауран көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан қызды қағып кетті. Жол апаты салдарынан қыз түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді", — делінген елордалық ІІД хабарламасында.
Аталған фактіге қатысты материалдар жиналды, тиісті сараптамалар белгіленді. Соның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.
Тағы оқыңыз: Алматыға жақын жерде жүргізуші кісі қағып өлтіріп, қашып кетті
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Оралда ер адам шоқыну мерекесіне жасалған арнайы орында көз жұмды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Зейнеткер немересімен бірге ойыққа шоқыну рәсімі өткен соң су алу үшін барған. Куәгерлердің айтуынша, ер адамның денсаулығы жолда нашарлаған.
Орал қаласының жедел жәрдем дәрігерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері зейнеткерге көмекке келді, алайда құтқарып қала алмады.
Марқұм немересінің айтуынша, атасы жүрек сырқатымен есепте тұрған.
Оқиға орнына Орал полициясының жедел-тергеу тобы шақырылды, полиция кенеттен қайтыс болу фактісін тіркеді.
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Елорда тұрғыны әйелін пышақтаған соң пәтерді ішінен жауып, өзіне пышақ салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, оқиға өткен демалыс күні болған.
Көппәтерлі үйдің бірінде тұратын туысқандар арасында жанжал шыққан. Ашуға бой алдырған ер адам әйеліне пышақ ала жүгірген. Сондай-ақ, жұбайының әпкесіне де жарақат салған. Бірақ ол пәтерден қашып шығып, адамдардан көмек сұраған. Көршілер бірден полицияға хабар берген.
"Есік іштен құлтанғандықтан құқыққорғаушылар үйге бірден кіре алмады. Полицейлер есікті бұзып кіруге мәжбүр болды. Пәтердің ішінде 46 жастағы әйел мен оның жолдасының мәйіті табылды. Ер адам өз-өзіне пышақ салған", – дейді полицейлер.
Оқиға орнына келген медициналық жедел жәрдем мамандары екі адамның да қайтыс болғанын растады.
Оқи отырыңыз: Полицейлер пышақ ала жүгірген жасөспірімдерді атып тастады – видео
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде мемлекет басшысына агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.
Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Президенттік жастар кадрлық резерві, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарылған шара жайлы ақпарат берді.
Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, "Е-қызмет" жүйесінің интеграция аясын кеңейту және i-Qyzmet жүйесін әзірлеу барысына да тоқталды.
Жайылғанованың айтуынша, өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, ал биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ.
Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді.